Бүгін еліміздің үшінші мегаполисінде Жастар жылы мен Қазақстан Республикасының Конституциясы күні мерекесіне арналған «Жастықтың жалауы – Шымқала» атты республикалық жас ақындары айтысы басталды. Айтыста Нұр-Сұлтан қаласынан және Түркістан, Алматы, Жамбыл, Қызылорда облыстарынан келген суырып салма ақындар бақ сынауда. Оған елімізден бөлек көршілес Өзбекстан мемлекетінен айтыскер келіп қатысуы ұйымдастырылған айтыстың деңгейін халықаралық дәрежеге көтеріп жібергендей.
Жас ақындардың сайысына қатысқан Шымкент қаласының әкімі Ерлан Айтаханов барлық ұлттық өнер жанашырларына өз лебізін білдіріп, сәттілік тіледі.
Дүбірлі айтыста ақындармыз еліміздің тарихын, даму белестері мен жетістіктерін өнермен өрнектеп, бір-біріне өткір сұрақтар қойып, ұтымды жауаптар қайтарып, айтыс сүйер қауымның көңілінен шығып, көрермендерді желпіндіріп отырды.
Жастар жылындағы елеулі істер мен Конституциямыздың беріктігін, Шымкент қаласының дамуын жырлаған ақындарға белгілі айтыскер ақындар – Бекарыс Шойбеков, Маржан Есжанова, Карима Оралова, Анар Жаппарқұлова, Нұрлыбек Мейірманов қазылық етуде. Сонымен қатар ақын Бекмұрат Анарбаев тәуелсіз сарапшы ретінде өз бағасын бермек.
ді.