Шымкентке кіретін және шығатын барлық жолдар жабылады

стопШ.jpg

Шымкент қаласында кіретін қалаға кіретін барлық жолдар жабылады. Бұл туралы бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов мәлімдеді, деп хабарлайды RGMEDIA.KZ ақпарат агенттігі.

«Құрметті Шымкент қаласының тұрғындары! Короновирустың тез таралуы тұрғындардың денсаулығына қатер төндіруде. Бүкіл әлемде вирус жұқтырғандар саны 700 мыңнан асты. Індеттен қаза тапқандар саны әлемде 34 мың адамға жақындады. Қазақстанда да 294 адам қауіпті дертті жұқтырды. Шымкент қаласында 2 адам тіркеліп, бір елдімекен карантинге жабылды.

Республиканың өзге аймақтарына Шымкент арқылы өтетін транзитті жолаушылар көп. Олардың саны тәулігіне шамамен 200 мың адам. Бұл жағдай індеттің таралу қаупін арттырып отыр. Сол себепті Шымкент қаласында 31 наурыз күні сағат 21:00-ден бастап қосымша шектеу шаралары енгізіледі.

БІРІНШІДЕН, қалаға кіретін барлық жолдар жабылады. Автокөліктердің қалаға кіруі мен шығуына тыйым салынады. Тек транзитті жүк көліктері мен тіршілікті қамтамасыз ететін арнайы автокөліктерге рұқсат беріледі.

ЕКІНШІДЕН, адамдар жақын қарым-қатынаста болған кезде вирустың тез таралатыны дәлелденген. Сол себептен қала аумағында бетперделік режим енгізуге мәжбүр болып отырмыз. Барлық азаматтар медициналық бетперде киюге міндетті.

Құрметті шымкенттіктер!

Бұл шаралардың барлығы адамдардың денсаулығы мен қауіпсіздігі үшін қабылданды. Аса қажеттілік болған жағдайда бетперде киіп, қауіпсіздік талаптарын сақтауға тиіспіз. Қала әкімдігі індеттің таралуының алдын алу үшін барлық шараларды қабылдап жатыр. Алайда, бұл жеткіліксіз. Бүгінгі қиындықтарды әрбір азамат қауіпсіздік талаптарын саналы түрде орындаған жағдайда ғана жеңе аламыз. Баршаңызды түсіністік танытуға шақырамын» деп мәлімдеді Шымкент әкімі.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Жеті жарғы» Мәртөебедегі мәслихатта қабылданды
  • «Мамыр өте Мәртөбеге кел!»
  • Шымкент инвесторлар үшін тартымды қала
  • Үшінші мегаполисте тауар қоры жеткілікті
  • Шымкентте заманауи өрт сөндіру депосы пайдалануға берілді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер