Білім беру жемқорлықтан ада салаға айналуы тиіс

Screenshot_42.jpg

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясында білім саласын сыбайластықтан қорғау жайы да қарастырылған. Осы мақсатта Шымкент қаласында ауқымды шаралар атқарылуда.  Жақында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен білім беру саласында сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету мәселелері талқыланған кезекті жиын өтті.

Онлайн шара барысында Департамент басшысы Асхат Жұмағали бүгінгі жиынның басты мақсаты – жемқорлықтың алдын алу, оны болдырмау екендігін атап өтті. Сонымен қатар, департамент басшысы түсіндіру жұмыстары кеңінен жүргізіліп отырғандығына қарамастан өткен жылы Департаментпен 120-ға жуық қылмыс тіркелгендігін, оның ішінде парақорлық және жымқыру фактілері басым екендігін жеткізді. Парақорлық үшін жауапкершіліктің күшейтілгенінен хабардар етіп, жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу бағытында нақты шаралар қабылдауды ұсынды.

Өз кезегінде Департамент басшысының бірінші орынбасары Талғар Серікбаев жемқорлық қылмыс жасағаны үшін сотталған адамдарға шартты түрде мерзімінен бұрын босатуды қолдануға тыйым салынғандығын, сотталғандарды бірден қауіпсіздігі барынша төмен қылмыстық-атқару жүйесінің мекемесіне жіберу мүмкіндігі тоқтатылғандығын, мемлекеттік қызметшілерге, Парламент депутаттары мен судьяларға шетелдік банктерден шоттар ашуға және иеленуге тыйым салынғандығынан және тағы да басқа заңнамаға енгізілген өзгерістерден хабардар етті. 

Қалалық ақпараттық-ағартушылық штабының жетекшісі Сәкен Мәжінбеков адамның адам болып қалыптасуындағы ұстаздардың рөліне, бала тәрбиесіндегі көркем әдебиеттің орнына тоқталды. 

Күн тәртібіндегі мәселе соңында сөз алған қалалық білім басқармасының басшысы Жанат Тәжиева аталған салада жемқорлықтың алдын алу мақсатында атқарылған жұмыстардан, жоспарлардан хабардар етті. 

Шара соңында Департамент басшысы адал қызмет етуге, парасаттылық құндылықтарын жастар арасында көптеп дәріптеуге шақырып, білім саласы жетекшілерінің пікірлерін тыңдады.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Жеті жарғы» Мәртөебедегі мәслихатта қабылданды
  • «Мамыр өте Мәртөбеге кел!»
  • Шымкент инвесторлар үшін тартымды қала
  • Үшінші мегаполисте тауар қоры жеткілікті
  • Шымкентте заманауи өрт сөндіру депосы пайдалануға берілді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер