Үшінші мегаполистегі орталықтандырылған балалар кітапханалар жүйесінде «Парасат жолы» орталығы ашылды.
Салтанатты шараға жазушы, журналист, қалалық ақпараттық-ағартушылық штабының мүшесі Мархабат Байғұт, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Талғар Серікбаев, Қазақстан Жазушылар одағының Шымкент қалалық филиалының директоры Бахадүр Жеңіс, қалалық мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқарманың басшысы Ханзада Есенова, ақпараттық-ағартушылық штабының жетекшісі Сәкен Мәжінбеков, "Halifa Al-Nahaian Aqmeshıtı" орталық мешітінің бірінші найб имамы Мұсабек Ақтамберді, «Шымкент-адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы Жани Қамбар, қаладағы белгілі ақын,жазушылар мен ақпараттық-ағартушылық штабының мүшелері қатысты.
Шараны жүргізген ақпараттық-ағартушылық штабының мүшесі Мархабат Байғұт қолға алынған жобаның мақсаты мен міндетін, шақырылған қонақтармен таныстырып, отырыс барысында «Парасаттылық жолы» орталығының төрағасын тағайындауды ұсынды.
«Парасаттылықтың қайнар көзі – қазақтың көркем әдебиеті» деген белгілі жазушы Мархабат Байғұт, осы көркем әдебиет арқылы бірлесе парасаттылықты дәріптеуде Орталық маңызды рөл атқаратындығына сенімін білдірді.
Өз кезегінде Департамент басшысының бірінші орынбасары Талғар Серікбаев Агенттік Мәдениет және спорт министрлігімен бірлесіп еліміздің аумағында «Парасат жолы» орталығын ашу бастамасын қолға алғандығын айтты.
«Жаңадан қолға алынған жоба адалдық пен парасаттылықты, ізгілік пен әділдікті дәріптеп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің мәнін түсіндіруге бағытталған. Кітапхана қабырғаларынан ашуымыздың да себебі мәдениет, әдебиет және руханиятты негізге ала отырып, келелі әңгімелер арқылы қоғамда парасаттылық идеологиясын қалыптастыруға ерекше көңіл бөлу» - деді Т.Серікбаев.
Айта кетейік, мұндай орталықтар қалаға қарасты өзге 5 кітапхада ашылды.