Емдеу мекемелерде комплаенс офицер пайда болды

Screenshot_44.jpg

Денсаулық сақтауды дамыту – мемлекеттің әлеуметтік саясатының негізгі басымдықтарының бірі. Біздің азаматтарымыздың әл-ауқатының тірегі ретінде медициналық қызметтердің қолжетімділігі мен сапасына мемлекет айтарлықтай бюджет қаражатын бөледі. Сондықтан елдің денсаулығына жауапты салада сыбайлас жемқорлыққа жол берілмеуі керек. 

Осы орайда Шымкент қаласындағы мемлекеттік медициналық ұйымдарда комплаенс қызметі енгізілді. Емдеу мекемелерінде жаңа қызмет түрін комплаенс офицер атқарады. 

Комплаенс қызметін енгізудің мақсаты - медициналық ұйымдарда сыбайлас жемқорлықтың алдын алу. Нақтырақ айтқанда, медицина қызметкерлері тарапынан ақша талап ету немесе тегін көрсетілетін медициналық қызмет түріне, түрлі анықтамаларға, мүгедектікке шығару кезінде әртүрлі заңсыздықтарға тап болсаңыз, комплаенс офицерге шағымдансаңыз болады. 

Комплаенс офицер маманы емдеу мекемелеріндегі фронт офисте тұрғындарды қабылдайды. Жаңа қызмет түрі қаладағы 35 мемлекеттік медициналық ұйымға енгізілген.

   Айта кетейік, үшінші мегаполисте медициналық мекемелердің сапасын арттыру, ашықтықты қамтамасыз ету мақсатында барлық мекемелерге QR код енгізу жұмыстары жүргізілуде. QR код арқылы науқас дәрігер, медициналық мекеме туралы толық ақпарат алып және көрсетілген медициналық қызметті бағалауға мүмкіндік туады. Бүгінгі таңда QR код барлық мединицалық ұйымға енгізілді. Оны пайдалану үшін ұялы телефонда QR код қосымшасын тартып алу қажет.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Жеті жарғы» Мәртөебедегі мәслихатта қабылданды
  • «Мамыр өте Мәртөбеге кел!»
  • Шымкент инвесторлар үшін тартымды қала
  • Үшінші мегаполисте тауар қоры жеткілікті
  • Шымкентте заманауи өрт сөндіру депосы пайдалануға берілді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер