Славяндар қыспен қоштасты

Screenshot_15.jpg

Шырайлы Шымқала жәй ғана «миллионнер» қала емес. Шуақты шаһарда бүгінде көптеген этнос өкілдері бір атаның баласындай тату өмір сүріп келеді. Солардың бірі славяндар мен орыстар. Ашық-жарқын бұл ұлттар еліміздің Конституциясына бағына отырып, салт-дәстүріміз бен тілімізді құрметтей отырып, өздерінің де дәстүрлерін берік ұстанып келеді. Мәселен жақында  Шымкент қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясының славян этномәдени бірлестігі мен қалалық орыс драма театрының ұжымы славян халықтарының дәстүрлі «Масленица» мерекесін атап өтті.Ұйымдастырушылардың айтуынша, аталған іс-шараның негізгі мақсаты – Қазақстанда тұрып жатқан этностардың әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлерін құрметтеу, олардың мәдениетаралық үлгісін көрсету, қоғамда халықаралық келісімді және тұрақтылықты нығайту.

Масленица – қыспен қоштасып, көктемді қарсы алу мерекесі. Сондай-ақ, Масленицада өткізілген рәсімдер Көктемнің Қысты жеңуіне ықпал етеді деген сенім қалыптасқан. Дәстүр бойынша масленицада жақын адамдар бір-бірінен жыл бойына келтірілген қолайсыздық пен реніштері үшін кешірім сұрайды.  Орыс драма театрының ғимаратында өткен масленицада қаладағы 15-ке жуық өнер ұжымы, балалар ансамбльдері көрерменге мерекелік бағдарлама ұсынып, көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

Бұл күні түрлі сахналық көріністер, ұлттық билер, хор әндері шырқалып, балаларға жұмбақтар жасырылды, сыйлықтар таратылды. Славян әдебиетінің частушка жанры да орындалды.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Өскелең ұрпақтың бойындағы патриотизм – болашаққа деген шынайы ұмтылыс
  • Президент парламенттік реформа жасау туралы бастама көтерді
  • Тоқаев: Қазақстан үш жыл ішінде цифрлық ел болуы керек
  • Мемлекет басшысы Үкіметке бірқатар тапсырма берді
  • Шымкентте ерікті жастарға арналған эко-экскурсия өтті
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер