Инсульт орталығы ашылды

Screenshot_30.jpg

Шымкент қаласында №2 қалалық аурухана базасында жоғары мамандандырылған инсульт орталығы мен ангиография бөлімшесі ашылды.  Қала әкімі Мұрат Әйтеновтің қолдауымен жаңадан ашылған орталықта медицина мамандары Шымкент қаласы мен Түркістан облысының тұрғындарына шұғыл медициналық көмек көрсетеді. 

Заманауи медициналық құрал - жабдықтармен қамтылған орталық 30 орынға лайықталған. Мұнда соңғы үлгідегі экспресс - класты бипланды Philips Azurion 7 В20/15 ангиографиялық аппараты мен өкпені жасанды желдету, цифрлы ренген сынды инсульт ауруын емдеуге қажетті аппараттар орнатылған.   Теңдесі жоқ құрылғылармен жұмыс істеу үшін медицина мамандары шет елдерде біліктілігін арттырып келген. 

«Бұл қала билігі, Денсаулық сақтау басқармасы және ғылыми қоғамдастық халыққа сапалы медициналық қызмет көрсетуге мүдделі екенін тағы бір рет көрсетеді. Бір инсульт орталығы Қазақстан денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығы бойынша 250 мың адамға қызмет көрсетуге есептелген. Жаңа орталықтардың жұмыс істеуі қажет, өйткені инсульт алған науқастар санының өсуі байқалады. Мәселен, 2020 жылы Шымкентте 4000-ға жуық адам инсультпен ауырған. Түркістан облысына келетін болсақ, бүгінде 9 инсульт орталығы ашылып, жұмыс істейді. 2020 жылы неврологтарға 5000 адам медициналық көмекке жүгінді. Оларда қызметті жетілдіру және инсульт бойынша жол картасы индикаторларының орындалуын мониторингтеу бойынша жұмыс жүргізілуде. Орталықтарды құру және олардың жұмыс істеуі пациенттерге білікті дәрі-дәрмек және хирургиялық көмек көрсетуге ғана емес, сонымен қатар Оңалту процестерін бірнеше есе жетілдіруге мүмкіндік береді. Айта кетейін, елімізде Денсаулық сақтауды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған жаңа мемлекеттік бағдарламасында биыл инсульт ауруларының алдын алу үшін «Біліңіз – ұзақ өмір сүріңіз!» ұлттық бағдарламасы әзірленген»,- дейді медицина ғылымдарының кандидаты, невропатолог Назира Жарқынбекова. 

Еске сала кетейік,  таяуда ғана Шымкентте «Ангионеврология: инновация мен перспективалары» атты халықаралық конференциясы өткен болатын. 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Жеті жарғы» Мәртөебедегі мәслихатта қабылданды
  • «Мамыр өте Мәртөбеге кел!»
  • Шымкент инвесторлар үшін тартымды қала
  • Үшінші мегаполисте тауар қоры жеткілікті
  • Шымкентте заманауи өрт сөндіру депосы пайдалануға берілді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер