Қоғамдық көмекшілер – полицияның сенімді серіктерінің бірі. Олар қоғамдық жерлерде алкогольдік ішімдіктер ішу, ұсақ құқық бұзушылық, карантин режимін бұзу бойынша халық арасында Қазақстан Республикасы заңнамасын түсіндіру және құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі ақпараттық жұмыс жүргізеді.
Осы тұрғыда Шымкент қаласы Полиция департаментінің бастығы полиция генерал-майоры Е.Жұмаханбетов қала тұрғындарымен әр кездескен кезінде қоғамдық көмекшілердің маңыздылығын, қажеттілігін және тиімділігін атап өтуде.
Жақында қала аумағында Полиция департаменті және Пробация қызметінің қызметкерлері бірлесіп "Пробация" жедел алдын алу он күндік іс-шарасын өткізді. 24 наурызға дейін жалғасқан профилактикалық іс-шара барысында полицейлер, пробация қызметінің қызметкерлері және қоғамдық көмекшілері пробацияның есебінде тұрған 1456 сотталғандар тұрғылықты жері бойынша тексерілген. Мамандар шара кезінде әрбір азаматпен профилактикалық сұхбат жүргізді. Нәтижесінде іздеуде жүрген екі сотталған ұсталды. Сондай-ақ жазаны өтеу ережелері мен шарттарын бұзған 29 азамат анықталып, оларға қатысты жазаларын бас бостандығынан айыру түріндегі жазаға ауыстыру үшін аудандық сотқа тиісті құжаттар жолданған. Сонымен қатар сотталғандардың пробациялық бақылау мерзімін ұзарту мақсатында аудандық сотқа төрт құжат жолданған. Және 108 сотталғандарға жазбаша түрде ескертулер берілді дейді шараға қатысқан сала мамандары. Айта кетейік, «Пробация» жедел-профилактикалық іс-шарасына 250-ден астам қоғамдық көмекші белсенді қатысты.