Үй кезегіне тіркеу автоматтандырылған жүйеде жүзеге асуда

Screenshot_20.jpg

Халықты тұрғын үймен қамтуда мемлекеттік бағдарламалардың үлесі мол. Үшінші мегаполистіктер де мемлекеттік бағдарламаның көмегімен пәтерлі болып, қоныс той тойлауда. Атап айтқанда, Шымкентте «Нұрлы жер» және «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында соңғы үш жылда 6 497 азамат баспаналы болған. Несиелік негізде 3209 адам пәтерлі болса, 2384 азамат азамат жалдамалы пәтермен қамтылған. «Жастар» бағдарламасы бойынша 904 жасқа пәтер кілті үлестірілген. 

Шымкент қалалық тұрғын үй басқармасы мамандарының берген мәліметі бойынша осы жылы сатып алу құқығынсыз 976 пәтер кілтін үлестіру жоспарланып отыр. Оның ішінде 300 пәтер «Жастар» бағдарламасы бойынша жұмыс істеп жүрген жастарға,  көпбалалы отбасыларға 378 пәтер, ал, 298 пәтер кілтін әлеуметтік әлсіз топтағы азаматтарға табыстау көзделген.  Сонымен қатар, тұрғын кезегіне тұрған азаматтарға 2021-2023 жылдары 2835 пәтерді үлестіру жоспарланып отыр. 

 Жалпы Шымқалада 2019 жылдың желтоқсан айынан бері тұрғын үй кезегіне тіркеу автоматтандырылған жүйеде жүзеге асып келеді. Нәтижесінде тіркеуде тұрған азаматтар жөнінде ақпарат жүйесінің базасы қалыптасты. Өткен жылдың қорытындысы бойынша қалада тұрғын үй кезегіне жалпы 42 094 азамат тіркелген. Оның ішінде ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, көпбалалы отбасылар, «Алтын» және «Күміс» алқа иелері, «Батыр ана» наградасы иелері, әлеуметтік әлсіз топтар мен өзге статустағы азаматтар бар .


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Жеті жарғы» Мәртөебедегі мәслихатта қабылданды
  • «Мамыр өте Мәртөбеге кел!»
  • Шымкент инвесторлар үшін тартымды қала
  • Үшінші мегаполисте тауар қоры жеткілікті
  • Шымкентте заманауи өрт сөндіру депосы пайдалануға берілді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер