Ауылшаруашылық саласы – ел экономикасының драйвері екені анық. Сондықтан мемлекет аталмыш саланы дамытуға күш салып, егін егіп, жер жыртқан жандарға барынша қолдау көрсетіп келеді. Шыбық ексең шынар өсіп шығатын шырайлы Шымқала ауылшаруашылық саласы үшін қолайлы өңір. Бүгінде шаһарда түрлі мемлекеттік бағдарламалардың арқасында кәсіп бастап, осы саланың дамуына ат салысып отырған тұрғындар жетерлік.
Осы ретте Шымкент қалалық Ауыл шаруашылық басқарманың ұйымдастыруымен Жұмыспен қамту орталығының сала мамандары Абай ауданы тұрғындарына «Shymkent» ӘКК» АҚ және «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ өкілдерінің қатысуымен «Ауыл шаруашылығы саласындағы мемлекеттік бағдарламар, шағын және орта бизнесті дамыту» тақырыбындағы кезекті семинар-кеңес өткізді.
Жиынды өткізудегі мақсат-қалада ауыл шаруашылығы саласындағы мемлекеттік қолдауларды тиімді пайдалана отырып, шағын және орта бизнесті жандандыру, сонымен қатар халықты өзін-өзі жұмыспен қамту үшін арнайы мемлекеттік бағдарламаларды кеңінен насихаттау.
Жиын барысында сала мамандары аудан тұрғындарына белгілі бір кәсіпті ашу барысында қажетті ақпараттармен, атап айтқанда:
- Ауыл шаруашылығы саласын бойынша мемлекеттік қолдаулар.
- «Бизнестің жол картасы-2025».
- «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» бағдарламасы.
- «Мен кәсіпкер боламын».
- «Қарапайым заттар экономикасы» сынды мелекеттік бағдарламалары бойынша арнайы презентациялық слайдттарын көрсетіп, кеңінен түсіндіріп өтті. Сонымен бірге аудан тұрғындары өз пікірлерін айтып, қызықтырған сұрақтарын қойып, мамандар тарапынан жауап ала алды. Бұдан бөлек арнайы мемлекеттік бағдарламалар туралы анықтамалық кітапшалар таратылды.