Партияның оңды істері қорытындыланды

Screenshot_12.png

Нақты істер партиясы  «Nur Otan»-ның қатысуымен бүгінде Шымкент қаласында оңынан шешілген мәселелер көп-ақ.  Бүгін елге шапағаты тиген партиясының жұмыстары мен  «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалы жанындағы Партиялық бақылау комиссиясы мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Қоғамдық кеңесінің 2020-2021 жылдары атқарған жұмыстары қорытындыланды. Жиынға   партияның Шымкент қалалық филиалының төрағасы, қала әкімі Мұрат Әйтенов қатысты.  

Жиында қалалық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Жанар Бектаева оң шешілген мәселелер бойынша баяндама оқыды. Баяндамаға сәйкес, 2020 жылы партия филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесіне 25242 өтініш түскен. Оның: 70-ке жуық пайызы оң шешімін тауып, қалғаны бойынша заңға сәйкес түсінік берілген. 

Атап айтар болсақ, «Birgemiz» қоры арқылы қаржылай және азық-түлік себеттерімен 13000-ға жуық азамат көмек алған. Тағы 3000-дай адамға демеушілер есебінен әлеуметтік, қаржылай, материалдық көмектер көрсетілгені айтылды. 

Кездесуде одан әрі, Водопьянов көшесі №1 а үй, «Таскен», «Азат» тұрғын алабтары тұрғындарының оң шешілген мәселелер бойынша ұсыныс пікірлері тыңдалды.

Ал, «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс- қимыл Қоғамдық кеңесінің төрағасы Тасқынбай Бүрлібаев кеңестің 2020-2021 жылдары атқарған жұмыстары бойынша, «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалы жанындағы Партиялық бақылау комиссиясының төрайымы Дария Қожамжарова комиссияның 2020-2021 жылдары атқарған жұмыстары жайында баяндама оқыды. 

Шаһар басшысы Мұрат Әйтенов партиялық бақылау комиссиясының атқарған жұмыстары көп екенін, бірақ мониторинг жұмыстарын әлі де күшейту қажет екенін айтып, қалалық партия филиалына бірқатар тапсырмаларды жүктеді.

Сондай-ақ, жиында қаладағы құрылыс жұмыстарын сапалы әрі өз мерзімінде жүргізген мекеме басшыларына қала әкімі Мұрат Әйтенов атынан алғыс хаттар табысталды. 

Әкім алғыс хатын «Отау Строй» ЖШС-нің президенті Қайрат Молдасейтов, «Арт Құрылыс» ЖШС-нің директоры Ануар Төлендиев, «Ақ Ордасы» ЖШС-нің директоры Сайдулла Қалыбековтер алды. Айта кетейік мұндай мазмұндағы алғыс хаттар Шымкен қаласы әкімі атынан алғаш рет табысталуда.

Сөз соңында әкім: «Біздің басты мақсатымыз – халықтың тұрмысын жақсарту және елдігімізді нығайта беру. Ел болып біріге білсек, алынбайтын асу жоқ. Басымызға түскен қиындықтарды біз әрдайым бірге еңсеріп, жетістіктерге бірлесе жетеміз», – деп қорытындылады.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Жеті жарғы» Мәртөебедегі мәслихатта қабылданды
  • «Мамыр өте Мәртөбеге кел!»
  • Шымкент инвесторлар үшін тартымды қала
  • Үшінші мегаполисте тауар қоры жеткілікті
  • Шымкентте заманауи өрт сөндіру депосы пайдалануға берілді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер