Кітапхана қоры ұлғайып келеді

Screenshot_9.png

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Әл-Фараби атындағы қалалық ғылыми-әмбебап кітапханаға келіп, қазіргі атқарылып жатқан жұмыстарымен танысып шықты. Заман талабына сай оқырмандарға қызмет көрсету ісінің озық жетістіктерін көріп шыққан қала басшысы кітапхана қызметкерлерімен тілдесті.

Рухани шаңырақ халыққа кітапханалық-библиографиялық, ақпараттық қызмет көрсетуде. Бүгінде кітапхана қорында 400 мыңнан астам кітап пен 6546 дана электронды қоры бар. Ал, оқырмандар саны 18 600-ды құраса, келушілер саны 128 000, кітап берілімі 216 000. Мұнда 96 қызметкер еңбек етеді. Кітапхана қазіргі таңда Қазақстанның ұлттық электронды кітапханасы және кітап.kz  қорын толықтыруға  белсене атсалысуда.

«Цифрлы Қазақстан»  мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде кітапхана мобильді, смартжоба – QR – кітапхананы жүзеге асырды. Осының арқасында бүгінде 60-қа жуық жергілікті авторлардың көркем шығармаларын оқырмандар кітапхана сайтындағы  штрих – код арқылы оқи алады дейді кітапхана мамандары.

Кітапханада оқырмандардың қызығушылығына орай «Жас түлек», «Бәрін білгім келеді», «Мұрагер», «Дидарласу» Libclub «Глобус» мүдделестер клубтары жұмыс істейді. Кітапхана қала аумағындағы кітапханалар үшін ғылыми-әдістемелік орталық болып табылады.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • 246 мүгедек жұмысқа орналасты
  • Қаланың экологиялық қауіпсіздігі назарда
  • Қоғамдық жұмысқа жолданғандар көп
  • Киелі орындар ұлықталуда
  • «Ashyq» жобасы іске аспақ
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер