Қоғамдық көмекшілер көбейді

Screenshot_6.png

Шымкентте  қоғамдық көмекшілердің саны 115-тен 220-ға артқан. Оларға қылмысты ашу және қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, құқықбұзушылықтың алдын алуға қосқан үлестері үшін, барлығы 150 азамат марапатталған, оның ішінде алғыс хатпен 35 азамат, грамотамен 28 азамат, қаржылай 87 азамат 2 млн. 412 мың теңгемен марапатталған. Бұл туралы  Шымкент қаласының Полиция департаментінің бастығы полиция генерал-майоры Ералы Жұмаханбетов қала тұрғындарына онлайн форматта берген есебінде айтты.

Мамандардың мәліметінше жол-көлік оқиғаларын алдын алу мақсатында, көлік жолдарын 515 рет шара ұйымдастырылған. Анықталған кемшіліктер бойынша тиісті мекемелерге 510 ұйғарым жолданған. Соның нәтижесінде, қала көшелеріне 170 дана жол белгілері, қиылыстарға 15 сигналды бағдаршам, кептелісті болдырмау мақсатында 11 қосымша сигналдар, 9 «ақылды» бағдаршам, 12 көшеге жарықтандыру, 180 метр «жасанды жол кедергісі» орнатылған.

Есеп мерзімінде «Қауіпсіз жол», «Автобус», «Абайлаңыз балалар» жедел профилактикалық іс-шаралары өткізілген. Көлік жүргізушілермен жол ережесін бұзған 161 мың 49 құқық бұзушылық анықталса, оның ішінде қоғамдық көлік жүргізушілермен 3 мың 245 құқық бұзушылықтар анықталып, жауапкершілікке тартылған. Мас күйде көлік жүргізгені үшін 345 жүргізуші ұсталып, оның 317-сі сот шешімімен 7-жылға жүргізу құқығынан айырылып, қамауға алынды дейді департамент бастығы. 

Осы іс-шаралармен қатар, жасөспірімдер арасындағы және оларға қарсы жасалатын құқық бұзушылықтардың алдын алу жұмыстары басты назарда болып, бірқатар іс-шаралар қабылданды. Атап айтқанда, «Жасөспірім», «Түнгі қаладағы балалар» және «Қауіпсіз мектеп» жедел-профилактикалық іс-шаралары өткізілген.

Іс-шаралар барысында, түнгі уақытта заңды өкілінсіз жүрген 3087 жасөспірім анықталған, түнгі уақытта ойын-сауық орындарында болған 79 жасөспірім анықталса, қадағалаусыз жүрген 263 жасөспірім бейімдеу орталығына орналастырылған. Сот шешімімен 1 жасөспірім Кентау қаласындағы арнайы мектепке жолданып, 2 ата-ана бала тәрбиелеу құқықтарынан айырылған.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Жеті жарғы» Мәртөебедегі мәслихатта қабылданды
  • «Мамыр өте Мәртөбеге кел!»
  • Шымкент инвесторлар үшін тартымды қала
  • Үшінші мегаполисте тауар қоры жеткілікті
  • Шымкентте заманауи өрт сөндіру депосы пайдалануға берілді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер