«Жасөспірім» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтті

Screenshot_11.png

Шымкенттік полицейлер жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында екі күн қатарынан «Жасөспірім» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізді. Іс-шараның басты мақсаты – кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстарды, балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу, жолын кесу, сондай-ақ құқыққа қайшы іс-әрекеттерге жол бермеу, кәмелетке толмағандарға алкогольдік және темекі өнімдерін сату, олардың түнгі уақытта заңды өкілдерінсіз ойын-сауық мекемелері мен тұрғын үй-жайлардан тыс жерлерде болу жайтын анықтау. Сондай-ақ кәмелетке толмағандардан заңсыз сақталатын заттарды (атыс, суық қару, денсаулыққа зиян келтіре алатын басқа заттар, есірткі және психотроптық заттар) тәркілеу.

Шара аясында Еңбекші ауданы Полиция басқармасы ювеналды полиция бөлімінің қызметкерлері түнгі рейдтік жұмыстар жүргізді. Рейд барысында түнгі уақытта заңды өкілдерінсіз көшеде немесе ойын-сауық орталықтарында жүрген кәмелет жасына толмағандар анықталып, олардың ата-аналарына қатысты тиісті әкімшілік шара қолданылды. Іс-шара барысында Еңбекші ауданы бойынша кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз тұрғынжайдан тыс жерде болғаны үшін ата аналарына ескерту жасалды. Сондай-ақ, кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз сағат 22-ден таңғы 6-ға дейін ойын-сауық мекемелерінде болу жайттері анықталды. 

Осы орайда, Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері жасөспірімдерді түнгі уақытта назардан тыс қалдырмауларын сұранады. Өз кезегінде қалалық  полиция қызметкерлері мұндай іс-шараларды өткізу кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу тұрғысынан қажет екенін атап өтті. Бұл бағыттағы жұмыс тұрақты жалғасатын болады.




Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Жеті жарғы» Мәртөебедегі мәслихатта қабылданды
  • «Мамыр өте Мәртөбеге кел!»
  • Шымкент инвесторлар үшін тартымды қала
  • Үшінші мегаполисте тауар қоры жеткілікті
  • Шымкентте заманауи өрт сөндіру депосы пайдалануға берілді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер