Қоғамдық жұмысқа жолданғандар көп

Screenshot_12.png

Шымкент – халқы тығыз қоныстанған аймақтардың бірі. Миллионнан аса тұрғыны бар қалада жқмыс табу оңай шаруа емес. Сондықтан мұнда жастардың кейбірі «Еңбек» мемелекеттік бағдарламасына жүгінуде. Бағдарлама аясында бүгінде  шаһарда азаматтарды  жұмыспен қамту қарқынды жүргізілуде. Уақытша жұмысқа орналасқан азаматтардың бірі – Ізет Айтқұл. 

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетін «Мұнай-газ ісі» мамандығы бойынша тәмамдаған жас маман біраз уақыт жұмыссыз жүрген. Ағымдағы жылдың басында қалалық жұмыспен қамту орталығында «жұмыссыз» мәртебесімен тіркеліп, көп ұзамай «Жастар ресурстық орталығы» КММ-не қоғамдық көмекші қызметіне жолданған. 

– Жұмыссыз жүрген азаматтарға мемлекет тарапынан түрлі бағыттағы бағдарламалар ұсынылып отыр. Еңбек еткісі келетін адамға қай кезде болса да жұмыс табылады. Мен де сол ұстанымды қолдаймын. Уақытша болса да жұмысқа орналасып, табыс тауып жүрмін. Жастарға айтарым жұмыс жоқ деп қолқусырып отырмай, орталыққа жүгініп, мемлекттің қолдауын пайдаланыңыздар", – дейді 22 жастағы бағдарлама қатысушысы.

Мамандардың мәліметінше биыл қоғамдық жұмыспен 2 778 адам түрлі мекемелер мен кәсіпорындарға жолданған. Жоспар артығымен орындалып, уақытша жұмысқа жолдама беру әзірге тоқтатылған.  Уақытша жұмыс орны болып есептелінетін «Қоғамдық жұмыс» алдын-ала кәсіптік даярлауды талап етпейді және әлеуметтік бағытқа ие. Тұрақты жұмыс тауып, орналасудың жолын ашатын бағдарламалар жалғасын табады.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Цифрландыру - халыққа қызмет көрсету сапасын жоғарылатуда
  • Шымкентте бұқаралық спорт дамып келеді
  • Бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті
  • Спонсоры строят спортивные площадки
  • «Сделано в Шымкенте»
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер