«Ashyq» жобасы іске аспақ

Screenshot_21.png

Алдағы уақытта қаладағы кез келген қоғамдық орынға кіреберісте сіздің Qr-кодыңызды тексеретін қондырғы болады. Код сіздің ортаға қауіпсіздігіңізді саралап, статусыңызды анықтап береді. Бұл жұмыстар "Ashyq" жобасы аясында жүзеге асады.

«Ashyq» – қоғамдық орындарда келушілерді тіркеу қосымшасы. Қоғамдық орынға кіреберісте пайдаланушы арнайы qr-кодты сканерлеп, оны әкімшіге көрсетеді. Код келушінің статусын анықтайды. Келушілерге статус ПТР-зерттеулерінің бірыңғай интеграциялық порталы және ҚР Денсаулық сақтау министрлігі жанындағы covid-19-ті бақылау орталығы ақпараттық жүйелерін салыстыру негізінде тағайындалады. Арнайы құрылғы сіздің деңгейіңізді төрт түс арқылы ажыратады.

Шымкент қаласы кәсіпкерлер Палатасының директоры Нұрлан Қабыштаевтің айтуынша Qr-код бизнес субъектілеріне ғана беріледі.Ол субъект атауы, оның орналасқан жері және басқа да сәйкестендіру деректерін көрсетумен электронды идентификаторды білдіреді. 1 нысанға кіреберісте және шыға берісте ең кемі 2 qr-код беріледі. Егер нысанда бірнеше кіріп-шығу жолы болса, онда әр кіреберіске жеке   qr-код беріледі. Бұл талаптар орындалмаған жағдайда нысанның жұмысына шектеу қойылады.

 «Қазіргі таңда күнде қалада мониторинг топ жұмыс жүріп жатыр. Егерде осы алгоритмдегі талаптарды бұзса екі аптаға жұмыстан шеттетіледі»,- дейді Шымкент қалалық Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысы Береке Дүйсебеков.

"Атамекен" ҰКП дайын қосымшаны бизнес субъектілері үшін карантинде шектеусіз жұмыс істеуге мүмкіндік беру мақсатында пилоттық режимде пайдаланады.Қазіргі уақытта Шымкент қаласы Кәсіпкерлер палатасында бизнес-қоғамдастықпен түсіндіру жұмыстары жүргізілуде және жобаға қатысуға ниет білдірушілердің тізімі қалыптастырылуда. "Ashyq" қосымшасына қатысты барлық сұрақтар бойынша Өңірлік кәсіпкерлер палатасына жүгінуге болады.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Жеті жарғы» Мәртөебедегі мәслихатта қабылданды
  • «Мамыр өте Мәртөбеге кел!»
  • Шымкент инвесторлар үшін тартымды қала
  • Үшінші мегаполисте тауар қоры жеткілікті
  • Шымкентте заманауи өрт сөндіру депосы пайдалануға берілді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер