Киелі орындар ұлықталуда

Screenshot_22.png

Рухани жаңғыру – табысты ел болуымыздың кепілі. Елбасының бағдарламалық мақаласы мемлекет дамуының жарқын үлгісін көрсететіні анық. Бұл ретте, Шымкенттің миллионды қала атанып жаңғыруы - сөзімізге нақты дәлел.

Елбасының мақаласында туған жер, өскен елдің адам өміріндегі маңызы жас ұрпаққа ұлағат етілген.Көптің сұранысына ие, мақаланың үлкен бір арнайы негізгі жобасы «Қазақстанның киелі жерлері географиясы». Шымкент қаласының аумағында жалпыұлттық маңызға ие 7 киелі орындар бар. Оның дені Сайрам ауданында орналасқан. Атап айтсақ  «Ибрагим ата», «Қарашаш ана», тарихы терең «Қызыр мұнарасы» т.б. Аталған киелі орындарда  қазіргі таңда  қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Нәтижесінде қасиетті орындарға аяқ басуға құмбыл туристердің көбейіп отырғандығы қуантуда.  Қалалық туризм басқармасының бастамасымен ақпан айында меценат Бауыржан Мырзатаевтың демеушілігімен «Қызыр» мұнара аумағында абаттандыру жұмыстары жүргізілген болатын. 

«Бағдарламаға сәйкес, киелі нысандарды кеңінен насихаттау, туған жердің  тарихын білуге бағытталып отыр.Рухани азыққа толы орталыққа келіп кенді шаһардың өткенімен танысуға барлық азаматтың мүмкіндігі бар. Бұл ретте Туризм басқармасымен арнайы жоспар құрып, жұмыстар атқарудамыз. Шымкенттіңкиелі тарихи орындары туралы туристерге ақпарат-насихат жұмыстары ұдайы жүргізіліп келеді»,- Шымкент қалалық «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесінің басшысы Зәуре Оралбаева.

Рухани жаңғыру – ұлттық болмысымызды сақтап, біртұтас ел болуымызға қарымды қадам. Мәңгілік еліміздің мақсат-мұратын жүзеге асырудың түп негіздерін айқындап берген ұлт жадының тұжырымдамасы.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Цифрландыру - халыққа қызмет көрсету сапасын жоғарылатуда
  • Шымкентте бұқаралық спорт дамып келеді
  • Бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті
  • Спонсоры строят спортивные площадки
  • «Сделано в Шымкенте»
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер