Тал көшеттері егілді

Screenshot_11.png

1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі күні Шымкентте тал егу акциясы өтті. Тәуелсіздік саябағындағы іс-шараға қала әкімі Мұрат Әйтенов, Шымкент қаласы мәслихатының хатшысы Бахадыр Нарымбетов, қала әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан, қала әкімінің орынбасары Мақсұт Исақов, Әл-Фараби ауданының әкімі Рашид Мыңбаев, Шымкент қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясының "Қоғамдық келісім" мекемесінің басшысы Ербол Байқонақов, қаладағы этномәдени бірлестіктердің жетекшілері қатысты.

Қала әкімі жиналған қауымды мерекемен құттықтап, одан кейін саябақта тал көшеттерін екті. 

«Бұл мереке — көпұлтты мемлекетімізді мекендеген біртұтас халықтың ынтымағы мен бірлігінің, татулығы мен тұрақтылығының тұғырын танытатын мерейлі мейрам. Бұл күні біз баға жетпес байлығымызды – туған ел игілігі жолындағы ырысты ынтымағымызды дәріптейміз. Биыл ел Тәуелсіздігіне – 30 жыл. Осы жылдарда Қазақстан әлемдік қауымдастықта лайықты орынға ие, экономикасы қуатты, қоғамы тұрақты, халқының бірлігі жарасқан еңселі әрі өркениетті елге айналды.  Бүгінде Қазақстанда 130-ға жуық этнос өкілдері бір шаңырақтың астында татулық пен ауызбіршілік жағдайында өмір сүріп келеді. Елбасының көреген саясатының арқасында Қазақстан өз халқының этникалық және діни әралуандығын проблемаға емес, керісінше, үлкен артықшылыққа айналдыра білді. Мұны бүкіл әлем елдері өздеріне үлгі тұтып отыр»,- деді көпшілік алдында сөз сөйлеген шаһар басшысы.

Бұл күні жалпы 70 көшет отырғызылды. Көпшілік бұл орын достық аллеясы болады деп, Қазақстан халқының бірлігі мен ынтымақтастығының бұдан әрі нығая беруіне тілектестік білдірді.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Жеті жарғы» Мәртөебедегі мәслихатта қабылданды
  • «Мамыр өте Мәртөбеге кел!»
  • Шымкент инвесторлар үшін тартымды қала
  • Үшінші мегаполисте тауар қоры жеткілікті
  • Шымкентте заманауи өрт сөндіру депосы пайдалануға берілді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер