1-Мамыр бірлік күні! Мереке қарсаңында Қазақстан Республикасы Парламенті сенатының депутаты Әли Бектаев Шымкентке арнайы іс-сапармен келді.Сенатор өзге ұлт өкілдерінің жастарымен кездесіп, арнайы жиын өткізді. Онда тілі бөлек болғанымен тілегі бір этнос өкілдеріне ел тарихын баяндап, мерекемен құттықтады.
Жиын барысында Әли Бектаев жастарға еліміздің тарихын түсіндіріп, жас ұрпақты бірлікке шақырды. Еліміздің дамуы үшін бір шаңырақ астында ынтымағамыз жарасып, тату-тәтті тұруымыз керек, - екенін мәлімдеді.
«Бәріміз ұрпақ үшін өмір сүріп келеміз. Ұрпағын ойламағын адам келешегін ойламайды деген сөз. Балаларымыздың бақытты, бейбіт елде өмір сүргенін қалаймыз. Ол үшін әрине ел ішінде бірлік, береке, ынтымақ болуы керек. Алла бізге осы ынтымығымызды сақтай алатын күш қуат берсін»,- деді Қазақстан Республикасы Парламентінің сенаты, «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясының төрағасы Әли Бектаев.
Айтып өтейік, Қазақстанда 130-дан астам этнос өкілдері тұрады. Қазіргі таңда еліміздің барлық өңірлерінде дерлік 1 мамыр тойланады. Мақсаты - ел ішіндегі түрлі ұлт пен дін өкілдерінің бір-біріне деген сый-құрметін арттырып, ортақ құндылықтарды насихаттау.
«Қазақ халқының қонақжай, кеңпейілді халық екеніне ешкімнің таласы жоқ. Қазақ халқының қиын-қыстау кезеңде біз секілді өзге этнос өкілдріне көрсеткен құрметі ерекше. Сол үшін сіздерге үлкен алғысымды білдіремін»,- дейді Шымкент қаласының тұрғыны Владлен Цой.
Жиын соңында өзге ұлт өкілінің жастары Ауыл партиясының мүшелеріне алғыстарын білдіріп, ақ тілектерін жаудырды. Сондай-ақ олар құшағын жайған қонақжай қазақ халқына ризашылықтарын жеткізді. Алдағы уақытта Қазақстанға адал қызмет ететіндіктерін айтты. Ауыл партиясының мүшелері, Шымкент қаласының мәслихат депутаттары жастарды келе жатқан мейраммен құттықтап, этнос өкілдеріне арнайы дайындаған сыйлықтарын табыстады.