ОҚУ ғалымдары 5 жоба дайындауда

Screenshot_13.png

Білім беруді дамытудың 2025 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасында ғылыми әлеуетті нығайтуға басымдық берілген. Айталық Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес жас ғалымдарды қолдауға жыл сайын 3 млрд-тан астам теңге бөлінуде. Жалпы, бағдарлама аясында білім беруді қаржыландыру көлемі 6 есеге, ғылымды қаржыландыру 7 есе өсті. Осы орайда Шымкенттегі М.Әуезов атындағы ОҚУ аталмыш бағдарлама шеңберінде  ғылымның дамуына өз үлесін қосып келеді. 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, биылдан бастап 500 ғалым әлемнің жетекші ғылыми орталықтарына тағлымдамадан өтуге жолданады. «Жас ғалым» жобасының аясында 1 мың грант бөлініп отыр. Осының барлығы ғалымдарымыздың өз зерттеулерін алаңсыз жүргізуіне мүмкіндік беретін қадамдар болып отыр.

 М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің 80 жылға жуық бай тарихы бар. Оқу ордасы өзінің маман даярлау мен ғылым бағытындағы жетістіктерінің арқасында QS World University Rankings рейтингі бойынша әлемнің топ-500 университетінің қатарына қосылып отыр. «2018-2020 жылдары университетте жалпы құны 2 миллиард теңгенің ғылыми жобаларын жүзеге асырды. Соның ішінде 2020 жылы біздің ғалымдарымыз бен зерттеушілеріміз 776 млн теңгенің 48 жобасын орындап шықты. Биылғы жылдың алғашқы 4 айында 464 млн. теңгенің 10 жобаны иеленіп, жүзеге асырудамыз. Мұнан бөлек қаржы көлемі 747 млн. теңгені құрайтын тағы 5 үлкен жоба дайындалуда. Сонымен қатар Шымкент қаласы ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасы жариялаған инновациялық жобалар конкурсына да 6 жоба дайындап, осы күндері құжаттарды тапсырып жатырмыз»,- дейді М.Әуезов атындағы ОҚУ-нің проректоры, техника ғылымдарының докторы Ұланбатыр Сүлейменов. 

Қазіргі уақытта университеттің оқытушы-профессорлық құрамы толығымен дерлік (93%) ғылыми-зерттеу жұмыстарымен қамтылған. Зерттеушілер мен оқытушылар құрамы жүйелі түрде (кемінде 5 жылда бір рет) өз мамандықтарына сәйкес өндірістерде біліктілікті арттырудан өтеді. Ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелері бойынша оқытушының рейтингі және жалақыға үстемеақы мөлшері анықталады.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Жеті жарғы» Мәртөебедегі мәслихатта қабылданды
  • «Мамыр өте Мәртөбеге кел!»
  • Шымкент инвесторлар үшін тартымды қала
  • Үшінші мегаполисте тауар қоры жеткілікті
  • Шымкентте заманауи өрт сөндіру депосы пайдалануға берілді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер