" />
" /> «Сергектің» септігі көп болып тұр- RG media - ақпараттық агенттігі

«Сергектің» септігі көп болып тұр

Screenshot_14.png

Шымкентте “Сергек” камералары құқықбұзушылықтың алдын-алуға және дер кезінде тіркелуіне септігін тигізіп отыр. Мәселен “Сергек” камералары арқылы төрт айда 1044 ұйғарым тіркеуге алынған.  Бұл туралы  Шымкент қаласы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі хабарлап отыр. 

“Сергек” бейнекамераларына автокөлік жүргізушілерімен жылдамдықты асырған фактісі тіркеледі. Көлік жүргізушілерінің құқық бұзушылықтар бойынша мекенжайларына хабарлама барған күннен бастап жеті тәулік ішінде салынған әкімшілік айыппұлдың 50 пайыз мөлшерін төлеуге мүмкіндігі бар. Жол қозғалысы ережелерін бұзудың ағымдағы жылдың төрт айында “Сергек”  аппараттық-бағдарламалық кешені арқылы 1044 ұйғарым тіркеуге алынған. “Сергек” жүйесі арқылы әкімшілік айыппұлдарды тіркеуден бөлек, қылмысқа және басқада құқық бұзушылықтарға қатысы бар автокөліктерді қала аумағындағы қатынасын анықтауға мүмкіндігі бар. Айта өтейік, “Сергек”жүйесі ауа-райының қолайсыз жағдайларына қарамайды. Барлық уақытта бір қалыпты жағдайда жұмыс жасайды. "Сергек" – отандық жоба. Кешеннің алгоритмдері мен бағдарламасын қазақстандық IT-мамандар әзірлеген. “Сергектегі” барлық айыппұл мемлекеттік бюджетке түседі. Айыппұлдан түскен қаражат жолдағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету шараларына жұмсалады.  "Сергек" – бірінші кезекте қоғамдық қауіпсіздікке жауап береді. Ол жол бойы мен көше қиылыстарынан бөлек мектептердің жанында, аулаларда, сауда орталықтарының маңы мен халық көп жиналатын өзге де орындарда орнатылады.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Жеті жарғы» Мәртөебедегі мәслихатта қабылданды
  • «Мамыр өте Мәртөбеге кел!»
  • Шымкент инвесторлар үшін тартымды қала
  • Үшінші мегаполисте тауар қоры жеткілікті
  • Шымкентте заманауи өрт сөндіру депосы пайдалануға берілді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер