М.Әйтенов: Мектепте балалар өздерін қауіпсіз сезінуі тиіс

Screenshot_20.png

Үшінші мегаполисте тұрғындар санының өсуіне байланысты халыққа қажетті әлеуметтік нысандардың да саны артып келеді. Мәселен шаһарда мектеп тапшылығы оңтайлы шешімін тауып отыр. Айталық Тоғыс тұрғын алабында қазіргі таңда №120 жалпы орта мектептің қосымша 300 орындық оқу корпусының құрылысы жүргізілуде. Бүгін қала әкімі Мұрат Әйтенов аталған нысанның  құрылыс алаңына барып қайтты. 

Құрылыстың сапасына баса назар аударған қала басшысы мектеп құрылысын бір жылдан кейін күрделі жөндеу жүргізуге тура келмейтіндей етіп салуды және онда балалар өздерін қауіпсіз және жайлы сезінуі тиіс екенін атап өтті.Нысанның құрылыс-монтаж жұмыстары өткен  жылы басталған. Жер телімінің жалпы ауданы – 4,88 га. Жоба құны – 934 734,8 мың теңге. Жауапты мердігер мекеме – «ЖАҢА АРНА 2002» ЖШС. Жеке серіктестік өкілі нысан құрысылын биыл, яғни, ағымдағы жылы шілде айында аяқтауды жоспарлап отыр. Яғни жаңа оқу жылында оқушылар жаға ғимаратта білім алады. Қазір оқу орнында ішкі  және сыртқы әрлеу жұмыстары 80 пайызға, ішкі инженерлік желілерді тарту жұмыстары 90 пайызға және аумақты абаттандыру жұмыстары 50 пайызға орындалған. Аталған мектептің 926 орынға арналған ғимаратында даярлық тобын қоса алғанда 2116 бала білім алуда. 300 орындық қосымша құрылыс пайдалануға тапсырылса мәселе толығымен шешіледі дейді салаға жауаптылар.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Жеті жарғы» Мәртөебедегі мәслихатта қабылданды
  • «Мамыр өте Мәртөбеге кел!»
  • Шымкент инвесторлар үшін тартымды қала
  • Үшінші мегаполисте тауар қоры жеткілікті
  • Шымкентте заманауи өрт сөндіру депосы пайдалануға берілді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер