Қазақстан жастарының салауатты өмір салты мен интеллектуалды дамуына қолдау көрсетуді мақсат еткен Төлбасов қоры бірнеше спорттық алаңдардың құрылысына 100 млн теңге берді. Осылайша Мемлекет басшысының барлық жастағы ел азаматтары арасында бұқаралық спортты дамыту жөніндегі тапсырмасы орындалып отыр. Екі көпфункционалды спорт алаңының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Оған Шымкент қаласының әкімінің орынбасары мақсұт Исахов және Түркістан облысының танымал меценаты Серік Төлбасов қатысты. Енді айналадағы үйлердің балалары мен жастары заманауи, жайлы және қауіпсіз жағдайда спортпен шұғылдануға мүмкіндік алды.
Жаңа спорттық аймақтар Шымкент қаласының әкімдігі Әл-Фараби ауданында бөлген аула аумақтарынан бой тіктеуде. Жоба бойынша мердігерлер ретінде үлкен жұмыс тәжірибесі бар екі қазақстандық құрылыс компаниясы таңдалды . Жаңа спорт объектілері 50 ш.м. дейін workout аймағымен жабдықталған. Бұл бір мезгілде бірнеше спорт түрлерімен айналысуға мүмкіндік береді.
«Қаланың 1 061 000 тұрғынының 300 000-ға жуығы дене шынықтырумен айналысады. Біздің мақсатымыз – 2021 жылдың соңына қарай халықтың 31% - ын спортқа тарту, яғни тағы 40 000 адамға спорт алаңдарының қолжетімділігін қамтамасыз ету. Сондықтан біз 100 заманауи спорт нысанының құрылысы бойынша әлеуметтік жоба әзірлеп, меценаттарды қолдау көрсетуге шақырдық. Серік Төлбасовтың жеке қоры біздің ұсынысымызға алғашқылардың бірі болып үн қосты,» - деп атап өтті Шымкент қаласының әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов.
Спорт алаңының ашылғанына балалардан бұрын ата-аналар дән риза. Енді перзенттері алысқа сандалмай аулада бос уақытын тиімді пайдалана алады.
Алаңның типтік өлшемі 24-тен 12 метрге дейін. Алаңнан басқа, ауданы 50 ш.м. workout аймағы.Баскетбол қалқандары мен сақиналары. Торлары бар стационарлық волейбол сақиналары. Әр түрлі спорт түрлеріне арналған қақпалар кіші футбол, гандбол, фитнеске арналған workout аймағы. Спорт алаңдарын енгізудің негізгі мақсаты тұрғылықты жері бойынша дене шынықтырумен және спортпен айналысу үшін аулалық дене шынықтыру-спорттық инфрақұрылымның қолжетімділігін кеңейту болып табылады.
Айта кетейік, қазіргі таңда Шымкент қаласы аумағында аула ішілік 231 спорт алаңшасы болса, биыл бюджет есебінен қала аумағына қосымша 101 спорт алаңын соғу жоспарымызда бар дейді сала мамандары.