«Адалдық алаңының» мамандары жолдарды тексеруде

Screenshot_12.png

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті жанынан құрылған «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің мүшелері қаладағы құрылысы біткен бірқатар жолдардың сапасын тексеріп шықты.

 Қаратөбе мөлтек ауданындағы Төлеметов көшесі 1шақырым 400 метрді құрайды. Көшеге асфальт жол төселіп, күрделі жөндеуден өткен. Бюджеттен арнайы 23млн теңге бөлінген. 

«Өздеріңіз білесіздер соңғы жылдары қаладағы жолдарды, елдімекен ішіндегі көшелерді жөндеуге тұрақты түрде қомақты қаржы бөлініп келеді. Сондай-ақ сол қаржының тиімді жұмсалуы мен жолдардың сапасы да қатаң бақылауға алынған. Мына Төлеметов көшесінің ені 5 метрді құрайды. Яғни ережеге сәйкес келеді»,- дейді  Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдар басқармасы басшысының орынбасары Мадияр Байымбетов.

Бүгінде жөнделіп жатқан жолдарға бөлінген қаражат тиімді игерілуде. Сапасы да қала тұрғындарының көңілінен шығуда.  Ұлттық сапа орталығының  мамандары жаңадан төселген асфальтты арнайы құрылғымен ойып, оның құрамы мен стандарты сараланды.

«Асфальт бетон жабындысының үлгілерін алдық. Тексердік. Қалыңдығы стандартқа сәйкес келеді»,- дейді Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы Шымкент қалалық филиалы бойынша сынақ зертханасының меңгерушісі Қайрат Шакиров. Алдағы уақытта жолдардың бүліну жағдайы тіркелсе,  оған мердігер компания кепілдік мерзімі бойынша жөндеу жұмыстарын жүргізеді.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкентте ерікті жастарға арналған эко-экскурсия өтті
  • Жарыстағы жанкештілік
  • Отбасылық дәрігер – денсаулықтың ертеңі
  • Шымкент қаласының дамуы Smart City тұжырымдамасы шеңберінде жүзеге асырылады
  • Развитие города Шымкента будет осуществляться в рамках концепции Smart City
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер