Қаратауда бюджет жоспары артығымен орындалды

Screenshot_13.png

Салық төлеушілерге қолайлы жағдай жасау мақсатында «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы аясында  «e-Salyq Azamat» мобильдік қосымшасын іске қосылған болатын. Шымкенттік тұрғындар бүгінде мобильді қосымшаның көмегіне көптеп жүгінуде. Қолданушылардың айтуынша бұл өте ыңғайлы жоба. Салық төлеушілер енді мекеме алдында кезек күтпей-ақ, үйде отырып, ұялы телефон арқылы берешегін төлеуге болады. Бір ғана Еңбекші ауданына қарасты сала мамандарының көмегімен бұл қосымшаны 5 мыңға жуық адам телефонына орнатыпты.

Ал цифрландырудың арқасында Қаратау ауданы бойынша қазынаға 307,4 млн теңге артық қаржы түсіпті. Осылайша  республикалық бюджет бойынша бекітілген жоспар 100 пайызға орындалыпты. «Биылғы жылдан бастап Қаратау ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасына жалпы саны 13.995 салық төлеушілер тіркелген. Олардың 3411 заңды тұлғалар. Оның ішінде жалпыға бірдей режимінде жұмыс атқаратындары 2385, ал оңайтылған декларация негізінде жұмыс атқаратындары 1026 салық төлеушіні құрайды»,- дейді Қаратау ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы басшысының орынбасары Шайхыдин Аязов.

Айта кетейік, ел азаматтарына арналған «e-Salyq Azamat» ақысыз мобильді қосымшасында салық міндеттемелерін орындауға арналған әртүрлі қызметтер бар.Мүлікке, жерге және көлікке салықты тексеру және есептеу жұмыстарын да жүргізеді. «e-Salyq Azamat» қосымшасын «App Store» немесе «Play Market»-тен жүктеуге болады.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Жеті жарғы» Мәртөебедегі мәслихатта қабылданды
  • «Мамыр өте Мәртөбеге кел!»
  • Шымкент инвесторлар үшін тартымды қала
  • Үшінші мегаполисте тауар қоры жеткілікті
  • Шымкентте заманауи өрт сөндіру депосы пайдалануға берілді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер