54,7 га жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылды

Screenshot_20.png

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында жерді тегін жалға алу құқығына ие болғандардың көпшілігі жерді игермей, босқа ұстап отырғанын, елімізде «шөп қорыған иттің» кебін киген «латифундистер» көбейіп кеткенін айтқан болатын. «Пайдаланылмай жатқан ауыл шаруашылығы жерлерін қайтарып алатын кез келді. Жер – біздің ортақ байлығымыз және оны кім игерсе, соған тиесілі болуы тиіс. Үкімет пен Парламент осы түйткілді реттеудің тиімді жолдарын ұсынуы керек. Бұл – өте маңызды мәселе. Мұны шешпей, отандық агроөнеркәсіп кешенінің сапалы дамуы мүмкін емес», деді Президент Жолдауында.

Шымкент қаласында Жолдау жүктеген міндет ойдағыдай орындалып келеді.  Нақтырақ айтқанда қала аумағында ауыл шаруашылық мақсатындағы пайдаланылмай жатқан жер учаскелерін мемлекетке қайтару жұмыстары қалалық орта сапасы және бақылау басқармасымен қарқынды жүргізілуде.

Нәтижесінде ауылшаруашылық мақсатындағы 54,7 га жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылды. Шымкент қаласының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасының ақпаратына сүйенсек, қалада жалпы игерілмей жатқан 1546 жер учаскесі бар екен.

Алдағы уақытта басқарма тарапынан бұл бағыттағы жұмыстар жалғасатын болады. Жерді мемлекет иелігіне қайтару жұмыстары заң аясында жүргізілуде дейді мамандар.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • НЕБО, РАДОСТЬ И ЕДИНСТВО: ШЫМКЕНТ ОТМЕТИЛ ПРАЗДНИК В ЯРКИХ КРАСКАХ
  • ШАТТЫҚҚА ТОЛЫ КҮН: ШЫМКЕНТ АСПАНЫН БАТПЫРАУЫҚТАР ФЕСТИВАЛІ КӨРКЕЙТТІ
  • Шымкентте екінші республикалық «Respublica Asyq Atu» турнирі өтті
  • В Шымкенте состоялся второй республиканский турнир «Respublica Asyq Atu»
  • Верность делу длиною в полвека
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер