Жәбірленушіге 245 мың теңге көлемінде шығын келтірген

 preview-2089553586.jpg

 Түркістан облысында 3 рет пәтер ұрлығы мен 1 рет тонау бойынша сотты болған ұры қолға түсті. Бұл туралы облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметі хабарлайды.

 Ордабасы Аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын хабарласып, белгісіз білеулер үйінен әшекей бұйымдары мен ноутбугын ұрлап кеткенін жеткізеді. АПБ қызметкерлері аталған жайтты ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы «Ұрлық» бойынша тіркеуге алып, іс қозғайды. Жәбірленушіге келтірілген шығын 245 000 теңге. Тұрғынүйге ұрлыққа түсушілерді анықтап, қылмысты ашу мақсатында тәжірибелі де білікті полицейлерден арнайы топ құрылған. Олар жедел-іздестіру шараларын жүргізіп, жақын маңдағы бейнебақылау камералары арқылы күдіктінің ізіне түседі. Нәтижесінде күдікті өз туысының үйіне қонаққа келген шардаралық тұрғын болып шыққан. Осылайша күдіктінің жеке басы бойынша 3 рет пәтер ұрлығы және 1 рет тонау бойынша сотты болғандығы анықталды. Қылмыстық іздестіру нәтижесінде күдікті таңертеңгі уақытта үй иесінің жоқтығын пайдаланып, ұрлыққа түскен. Бүгінде, ол қамауға алынып, тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Тәртіп сақшыларының айтуынша, оның басқа да қылмыстық істерге қатысы болуы мүмкін.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Конституциялық сотқа тікелей жүгіну – конституциялық бақылау органының басты ерекшелігі
  • Заңмен тыйым салынған вейппен күрес тоқтамайды
  • Волонтерлер жемқорлыққа қарсы
  • Жүргізушіге қойылған талапты мопед иелері де сезінсе
  • Алаяқтықтың өте қауіптісі — интернет алаяқтық
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер