Шымкент қаласында туристер міндетті түрде тамашалауы керек мәдени нысандар өте көп. Қалалық туризм және сыртқы байланыстар басқармасының әлеуметтік желідегі "Шымкент туризм" парақшасы қалаға саяхаттап келушілерге музейге баруды ұсынды. Парақшада қаладағы бірнеше музей туралы мәліметтер келтірілді.
"Музейлерге экскурсия жасай отырып, сіз тарих беттеріне саяхатқа аттанасыз. Назарларыңызға, Шымкенттің тақырыптық музейлер тізімін ұсынамыз" - деп жазды "Шымкент туризм" парақшасы.
1.Тарихи-өлкетану музейі
Мұражайдың жалпы ауданы 2541,81 шаршы метрді құрайды, ал экспозициялық залдардың ауданы 1060,12 шаршы метр. Мұражай залдан тұрады: "табиғат, палеонтология, археология", "этнография", "Қазақ хандығы және жаңа ғасыр", "Тәуелсіз Қазақстан".
Бүгінгі таңда мұражайда оның филиалдарымен бірге 88 709 экспонат жиналған, оның ішінде 57 640 негізгі қор және 32 869 ғылыми - қосалқы. Мұражайда 6500-ден астам ғылыми және ғылыми-көпшілік әдебиеттері бар ғылыми кітапхана жұмыс істейді.
2.Хәкім Абай музейі
Хакім Абай музейінің ашылу салтанатына 2009 жылы 22 қыркүйек күні Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев келіп, алғашқы көрермені ретінде жаңа ашылған музеймен танысып, өзінің оң бағасын берді. Сондай-ақ бұл салтанатқа облыс әкімі, қала басшылары, зиялы қайуым өкілідері, мәдениет саласының қызметкерлері және жергілікті абайтанушы ғалымдар қатысты.
3. Бейнелеу өнері музейі
Бейнелеу өнері мұражайы 1989 жылы тарихи-өлкетану мұражайының бейнелеу өнері бөлімінің негізінде ашылды. Мұражай орналасқан ғимарат республикалық маңызы бар 19 ғасырдағы сәулет өнерінің ескерткіші болып табылады. Алғашқы топтамалары – Қазақстан суретшілерінің кескіндеме туындылары, графика, мүсін өнері 60-шы жылдары Алматы қаласының картина галереясына тапсырылды, сондай-ақ, жергілікті суретшілерден кеңестер алынды.
4.Саяси қуғын-сүргін құрбандары музейі
Еліміз бойынша Шымкентте жалғыз саяси қуғын-сүргін құрбандары музейі бар. Қасіреттен қасиетке айналған киелі орынды тек музей деп емес, ғылыми орталық деп айтуға да болатындай.