«Тәуелсіздік шежіресі» атты әдеби автобус ұйымдастырылды

Screenshot_2.jpg

Шымкент қалалық жасөспірімдер кітапханасы Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына орай «Тәуелсіздік шежіресі» атты әдеби автобус ұйымдастырды. Әдеби іс-шара Шымкент қалаішілік №27 бағыттағы қоғамдық көлікте өткізілді.  Кітапханашылар «Бір ел-бір кітап» акциясы аясында  «Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына-30кітап» бойынша қызықты танымдық деректер беріп, шығармалардан үзінділер оқыды. Әдеби викториналық сұрақтар ойнатылып жеңімпаздарға сыйлық тапсырылды. Ж.Шанин атындағы қазақ драма театрының әншісі Тәттібек  Бегалиевтің домбырамен орындаған термелері мен әндері жолаушылар қошеметіне бөленді. Жалпы кітап - басты рухани байлық. Адам руханиятсыз азып-тозады. Сондықтан да кітаппен байланысты үзбей, оны өскелең ұрпаққа насихаттап жүрген аса маңызды. Кішкентайынан кітап туралы естіп, көріп-біліп, оқып өскен бала болашақта кітапқа немқұрайлы қарамайтыны белгілі. Кітап - тәрбие көзі.

Осы орайда кітапхана ұжымы мерекелі де берекелі әдеби автобусты ұйымдастырып, жолаушылармен қызықты саяхат жасауға мүмкіндік берген «Т-Bus» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Нурмухамедов Рахымжан Жолбарысұлына шексіз алғыстарын білдірді.

«Ұлттық рухсыз ұлт тәуелсіздігі болмайды» -дейді Алаш тұлғасы Мұстафа Шоқай. Ендеше, Тәуелсіздік-ұлттық рухты көтерудің маңызды факторы болары анық.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Проект новой Конституции формирует основу эволюции государства и общества – Бакыт Нурмуханов
  • «Существенно усилены конституционные принципы правосудия»
  • Суверенитет и территориальная целостность отнесены к неизменным ценностям
  • Конституционная реформа Главы государства – новый этап развития государственного устройства
  • Мемлекет басшысының конституциялық реформасы – мемлекет құрылысын дамытудың жаңа кезеңі
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер