Полицейлер «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру» бойынша дәріске қатысты

Screenshot_15.jpg

Жемқорлық - мемлекеттік басқару құрылымындағы лауазымды қызметкерлердің өздеріне тапсырылған қызмет мүмкіндіктерін жеке бастарының пайдасы не мүддесі үшін пайдалану мақсатында қоғамға қауіпті қылмыстық іс-әрекеттер.

Онымен күресу, алдын алу барысында  Созақ ауданы полиция бөлімінің мәжіліс залында жеке құрам қызметкерлерімен ауқымды шара өтті. Яғни ауданның Құрметті азаматы, сайлау комиссиясының төраға орынбасары Мыңжасар Асқаров полицейлермен кездесті. Шараның мақсаты – жемқорлықты болдырмау, алдын алу бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізу.

Яғни, жиында тәртіп сақшыларына  «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру» тақырыбында дәріс өткізілді. Заң талабы аясында парақорлыққа қарсы іс-әрекеттердің алдын алу бойынша тиісті жұмыстардың жүргізілуі айтылды. Кездесуге келгендер тақырып аясында ойларын ортаға салып, өздерінің ұсыныс-пікірлерімен бөлісті.

Сонымен қатар, сыбайлас-жемқорлықтың зардабы туралы және бұған қарсы атқарылған жұмыстар сараланды.

Шара соңында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес шараларын күшейту мақсатында алдағы уақытта атқарылатын жұмыстарға жоспар құрылып, нақты міндеттер қойылды. 

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкенттегі ерекше субұрқақ: көрікті орындарды көзбен көріңіз
  • Шымкенттегі университетте аса ірі көлемде бюджет қаражатын жымқырғандар ұсталды
  • Шымкентте қараусыз қалған 92 жастағы тыл ардагері ауыр халде жабық пәтерден табылды
  • Руслан Берденовтің ауруханадағы фотосы жарияланды
  • Шымкенттік тұрғын 120 тонналық вагондарды сүйреп, рекорд жасады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер