Шымкенттің хит есімдері қандай?

image.png

Шымкент қаласы бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» филиалы жаңа туған нәрестелерге қойылатын ең танымал есімдердің рейтингін жасады деп жазады ҚазАқпарат.  Қыз балалар арасында үздік үштікке Адия-Бегім, Медина және Сафина есімдері кірсе, ұл балалар арасында Ақжүрек, Балмейір және Мұрагер есімдері ең көп қойылған.

Жыл басынан бері Шымкент қаласында 3 мыңнан астам ата-ана туу туралы куәлікті онлайн форматта рәсімдесе, 958 өтінім ХҚКО арқылы берілген. Ал өткен жылы ХҚКО арқылы 10 мыңнан астам нәрестеге туу туралы куәлік берілген болса, 36 мыңнан астам құжат онлайн форматта рәсімделген.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Жаңартылған Конституция: әділеттілік, заң және тәртіп қағидаты
  • Шымкент қаласында 695 мыңнан астам дауыс беруші бар
  • ҚҰРМЕТТІ РЕФЕРЕНДУМҒА ҚАТЫСУШЫ!
  • Мәдени мұраны қорғау
  • Ұлттық қауіпсіздік басымдылығы
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер