Енді шымкенттіктер Мысырға тікелей қатынай алады

изображение.png

Шымкент-Каир бағыты бойынша Мысырға жаңа бағыт ашылмақ.  Екі ел арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту мақсатында қазақстандық SCAT әуекомпаниясы  бұл маршрутты 29 мамырынан бастап жүзеге асырмақ. Бұл туралы  RGmedia.kz тілшісі Көлік министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.
"Көлік министрлігі тұрақты негізде ұшу географиясын кеңейту және қолданыстағы маршруттар бойынша рейстер санын арттыру бойынша жұмыс жүргізуде. Биылғы жылдың 29 мамырынан бастап қазақстандық SCAT әуекомпаниясы Шымкент-Каир бағыты бойынша Мысырға жаңа бағыт ашуды жоспарлап отыр. Рейстер аптасына 2 рет (дүйсенбі және сәрсенбі күндері) Boeing 737-800 және Boeing MAX 8 типті әуе кемелерінде орындалады", - делінген хабарламада.
Сонымен қатар SCAT әуекомпаниясы бұдан бөлек, 2025 жылғы 27 мамырдан бастап Шымкенттен Венгрия астанасы Будапештке, 28 мамырдан бастап Шымкенттен Қытайдың Сиань қаласына тікелей рейстерді ашуды жоспарлап отыр.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкент: 2025 жылы инвестиция көлемі 1 триллион теңгеден асады
  • Шымкент: Жеті қалаға тікелей халықаралық әуе рейстері іске қосылды
  • В Шымкенте открылись новый коммьюнити-центр и обновленный этномузей
  • Шымкентте жаңа комьюнити-орталық пен жаңартылған этномұражай ашылды
  • Шымкентте Орталық Азияның алғашқы жаһандық цифрлық конференциясы өтті
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер