Шымкентте саябақтардың орнына тұрғын үйлер салынбайды

image.png

Шымкенттегі мемлекет меншігіне қайтарылып жатқан "Кең баба", "Қиял әлемі" саябақтарының орнына тұрғын үй кешендері салынбайды. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек айтты, деп хабарлайды rgmedia.kz тілшісі.

"Кең баба" мен "Қиял әлемі" саябағында қолданыстағы заңнаманың барлығы бұзылған. Сол себепті қайтарып алып жатырмыз. Оның орнына көпқабатты тұрғын үй салынады екен деген әңгіме жүріп жатыр. Мұның барлығы жалған. Сіздер арқылы көпшіліке айтқымыз келеді. Бұл саябақтардың орнына бірде бір көп қабатты тұрғын үй кешені салынбайды. Саябақ сол күйі саябақ болып қалады", – деді Сәрсен Құранбек.

Сондай-ақ, ресми өкіл қалада саябақ пен аллеяларды көбейту –  қала әкімдігінің алға қойып отырған негізгі мақсаты, міндеті екендігін жеткізді. 

"Өткен жылы 26 саябақ пен аллея бизнестің есебінен іске қосылды. Сондай-ақ, бұл мақсатта қаладағы каналдардың барлығы тазаланып, ирригация жүйесі ретке келтіріліп жатыр", – деді ол. 

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкентте республикадағы алғашқы әмбебап жедел қызмет кешендері ашылды
  • В Шымкенте открыты первые в республике универсальные комплексы экстренных служб
  • Мемлекет басшысы Еуропалық Кеңес Президентін І дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады
  • Антониу Кошта қонақжайлық танытқаны үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа ризашылығын білдірді
  • Еуропа Одағы – Қазақстанның ірі сауда және инвестициялық серіктесі
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер