Шымкентте сакура гүлдеді

image.png

 Бүгінде 25 түп сакура бүршік жарып, қаланың көркін аша түсті. Жапон мәдениетінің символына айналған бұл ағаштар «Журналистер» аллеясына, Назарбаев даңғылының бойына, Атлант сауда үйінің маңына, Сайрам және Жібек жолы көшелеріндегі гүлзарға отырғызылған еді. Биіктігі 4-5 метрге жететін сакуралар қаланың табиғи сәнін арттырып қана қоймай, экожүйені жақсартуға да ықпал етеді.

Сакуралардың тамыры тереңге бойлап, бұтақтары жайқалып өсуі үшін тұрақты күтім жасалып, суару жұмыстары үздіксіз жүргізіліп келеді. Бұл жұмыстар қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасының бақылауында.

Айта кетейік, нәзіктіктің нышанына баланған сакура көшеттерін «BI Group» ЖШС сыйға тартқан болатын.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Задержки с трансляцией и публикацией текста
  • Әділетті мемлекет және жаңа саяси жүйе: Қазақстандағы конституциялық жаңғыру
  • Цифрлық өркениет және қуатты инфрақұрылым: Қазақстанның жаңа экономикалық бағдары
  • Құқықтық қызметтер жаңаруда: бақылау, жауапкершілік, технология
  • Момынов көшесінде жаңа автокөлік өткелі ашылды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер