Діни сауаттылық - қоғам қауіпсіздігі

image.png

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Дін істері комитетінің қолдауымен 2024 жылғы 31 наурыз бен 4 сәуір аралығында Республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелері Шымкент қаласына жұмыс сапарымен барды.

Іс-сапардың басты мақсаты – халықтың дінтанулық сауаттылығын арттыру және діни экстремизмнің алдын алу. Осы бағытта қала аумағында 20-ға жуық іс-шара ұйымдастырылып, 400-ден астам адам қамтылды.

Іс-шаралар барысында түсіндіру тобының мүшелері Шымкент қаласындағы мектептер, колледждер мен жоғары оқу орындарында болып, жастармен және түрлі әлеуметтік топтармен кездесулер өткізді. Кездесулерде Қазақстанда өмір сүріп жатқан этностар мен конфессиялардың бейбіт қатар өмір сүруі мен өзара әрекеттесуіне бағытталған дін саласындағы мемлекеттік саясаттың маңызы, халқымыздың мәдениеті мен рухани құндылықтары, деструктивті жалған діни ағымдардың қоғамға төндіретін қаупі туралы кеңінен түсіндірілді.

image.png

Аталған ақпараттық іс-шараларға Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің оқытушысы, PhD доктор Бауыржан Ботақараев, Жамбыл облысы «Дін проблемаларын зерттеу орталығы»-ның бөлім басшысы, теолог Әбілхайыр Сабырұлы, Шымкент қаласы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің психологы, бөлім басшысы Гүлмира Шетенова, осы орталықтың теолог маманы Икрам Айтаев және Жамбыл облысы «Дін проблемаларын зерттеу орталығы» басшысының орынбасары, психолог Бақдаулет Тілеухан қатысты.

Жұмыс сапары барысында университет студенттері, мектеп оқушылары, колледж студенттері мен мекеме қызметкерлері қамтылып, діни сауаттылықты арттыру бағытында жан-жақты ақпарат берілді.

Осы бағыттағы түсіндіру жұмыстары алдағы уақытта да өз жалғасын табатын болады.

image.png

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Діни сауаттылық - қоғам қауіпсіздігі
  • Руслан Берденовтің қызметтік міндетін уақытша кім атқарады
  • Руслан Берденовке жасалған шабуыл. Сәрсен Құранбек оқиғаның қалай болғанын айтты
  • Берденовты не үшін атқаны белгілі болды
  • Антикор Шымкентті жылумен қамтамасыз ететін кәсіпорынға талдау жүргізіп жатыр
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер