Жеке клиникалар да МӘМС-ке белсенді қатысуда

Screenshot_11.jpg

Еліміздегі емханалар мен ауруханалар 1 қаңтардан бастап халыққа бірден екі пакетте — бұрынғысынша еліміздің әрбір тұрғынына қолжетімді болып қала беретін тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің (ТМККК) жаңа үлгісі бойынша және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырудың жаңа пакетінде медициналық көмек көрсетуде. 1 сәуірге дейін барлық қазақстандықтар Медициналық сақтандыру қорына жарналар салу-салмауына қарамастан, шартты түрде сақтандырылған деп есептеледі. 

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне жеке клиникалар да белсенді қатысуы тиіс. Себебі, халық арасында жеке меншік орталықтың қызметіне жүгінетіндер қатары көп.

Осы мақсатта, «Nur Otan» партиясының Шымкент қалалық филиалында арнайы семинар өтті. Жиында тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі мен жаңа жүйенің аясында жеке меншік ұйымдарды тарту шаралары талқыланды. Басты мақсат – тұрғындарға көрсетілетін медициналық қызметтің сапасын арттыру болатын. Шараға Шымкенттегі мемлекеттік және жеке меншік ұйым басшылары мен қызметкерлері қатысты. Олар өзара пікір алмасып, тәжірибелерімен бөлісті.

Ахмет Беден – «Шымкент қаласында жеке меншік клиникалардың МӘМС-ке қатысу деңгейі жоғары деп айта аламын. Себебі, бізде 5 ақпанда 2020 жылға 104 медициналық мекеме келісімшартқа отырған. Оның 32 мемлекеттік болса  қалғаны жекеменшік»-, дейді «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕ АҚ Шымкент қаласы бойынша филиалының бөлім басшысы Ахмет Беден. 

   Айта кетейік, медициналық сақтандыру жүйесін енгізу арқылы Шымкент қаласындағы денсаулық сақтау саласын дамыту үшін бөлінген қаржы өткен жылмен салыстырғанда 40 пайызға артып отыр. Жаңа жүйе бойынша қаржыландыру көлемін арттыру ғана емес, тарифтердің және медицина қызметкерлерінің жалақысын арттыру көзделген. 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Ж.Тәшенов университетінде жаңа жатақхананың ашылу салтанаты өтті
  • Шымкентте үздік ұлттық киім үлгілері анықталды
  • Аким Шымкента наградил слесаря, спасшего семью от гибели
  • Слесарьдың шұғыл әрекеті отбасын өлімнен құтқарып қалды
  • Шымкенте бұрыңғы қоқыс полигоны орнында экопарк құрылысы басталды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер