Еріктілер экологияға алаңдайды

Screenshot_10.jpg

Қаланың тазалығы басты назарда. Себебі шаһардың экологиялық ахуалы оның келбетін ғана бұзбайды сонымен қатар тұрғындардың денсаулығына да кері әсерін тигізуі мүмкін. Сондай-ақ кенттің флорасы мен фаунасының бай болуы да экологияға байланысты екені хақ. Осы жағдайды ескерген шымкенттік еріктілер шымқаланың шырайын кіргізіп, ауасын тазартуға кірісті. 

    Экологиялық еріктілер слетінде осы мәселе талқыға салынды. Белсенділер қоршаған ортаны қорғау үшін өз ұсыныстары мен жобаларын ортаға салды. Шымкент қаласы бойынша экология департаменті «Еріктілер жылы» аясында ұйымдастырған шараға қоғамдық ұйымдар, экологиялық белсенділер мен еріктілер, жүзден астам адам қатысты.

Оның ішінде, қалалық білім басқармасы, табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы, Жастар ресурстық орталығының өкілдері, М.Әуезов атындағы ОҚМУ-ның экология кафедрасының студенттері, Шымкент қаласының өңірлік экологиялық елшісі, экоактивистер және еріктілер де бар. 

Кездесу барысында қоршаған ортаны, ластамай, экологиялық талаптарды сақтау мен қоқыстарды өңдеу арқылы қала тазалығын жақсарту бойынша ұсыныстар қаралды. Қазірдің өзінде тұрғындар қоқысты сұрыптап салуға дағдыланып келеді. Қала көшелерінен экожәшіктерді де байқауға болады. Бұл қоқыс өңдеуде біршама жұмысты жеңілдететіні анық. Мәдени астана атанған Шымкент қонақтарды зәулім сарайлары мен ғана емес жайқалған жасыл желегімен, әсем табиғатымен, тазалығымен де тамсандыруы керек. 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкентте республикадағы алғашқы әмбебап жедел қызмет кешендері ашылды
  • В Шымкенте открыты первые в республике универсальные комплексы экстренных служб
  • Мемлекет басшысы Еуропалық Кеңес Президентін І дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады
  • Антониу Кошта қонақжайлық танытқаны үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа ризашылығын білдірді
  • Еуропа Одағы – Қазақстанның ірі сауда және инвестициялық серіктесі
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер