«Ынтымақ түбі – игілік»

Screenshot_13.jpg

Кезінде ата-бабамыз қазақ жеріне қоныс аударған өзге ұлт өкілдерін құшақ жая қарсы алып, бастарына іс түскенде демеу болып еді. Әлемді жайлаған коронавирус індеті қазақ жеріндегі бірлігі жарасқан этнос өкілдерінің татулығын одан әрі нығайта түскендей. Шымкенттегі Ассамблея мүшелері елдегі ахуалды бірлесе көтеріп, тұрғындарға қолдау көрсетуге әзір.   

 «Қазақ халқында «Ынтымақ түбі – игілік» деген аталы сөз бар. Бұл өте қиын кезең әрі біз бір-бірімізге көмектесіп, қолдау көрсететін сәт. Халықтың басына қиын сәт туғанда жәрдем беруден біз де қалыс қалмауды жөн көрдік. Кәсіпкерлер секторы қазір барынша көмек қолын созып жатыр. Әсіресе шағын және орта бизнес өкілдері белсенділік танытуда. Елбасы дер кезінде Үнден жолдап, халықтың денсаулығына, қауіпсіздігіне басты назар аудару керектігін айтып, алаңдаушылық білдіруде. Шымкент қаласында қазіргі таңда қауіптің алдын алуда сақтық шаралары күшейтілген. Барлық мекемелер оған атсалысуда. Кәсіпкерлер де ел арасынан шыққанда мұндай жағдайға жұртпен бірге болуды парызы деп санайды. Ел азаматтары қысылтаяң кезеңде бірлік пен ынтымақтың ауылынан табылып, қолдауын тоқтатпайды деп сенемін. Әлде де қолдау көрсетуге әзірміз»,- дейді Түрік этно-мәдени бірлестігінің төрағасы  Латипша Асанов. 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Өзбекстанда М.Әуезов атындағы ОҚУ-дің филиалын ашу жайлы кездесу өтті
  • Үміт үзбе
  • «Ақжар» қосалқы станциясы келесі жылы пайдалануға беріледі
  • Қала әкімі «Көмеш бұлақ» базары аумағындағы автотұрақты көшіруді қолдады
  • Қала әкімі Үндістан Республикасының елшісімен кездесті
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер