Өңірлік азық-түлік тауарлары қорын басқару жөніндегі комиссияның шешімімен азық-түлік тауарлары бағаларын тұрақтандыру үшін жалпы көлемі 9 250 тонна азық-түлік бар. Бұл жөнінде бүгін ақпараттық-коммунмкациялар орталығында өткен баспасөз мәслихатында Шымкент қаласы әкімінің орынбасары М. Исахов мәлімдеді.
« Шымкентте азық-түлік қоры жеткілікті. Ал бағаның өсуі жылдағы үрдіске сай көктемгі құбылыс. Мұның елімізде жарияланған төтенше жағдайға қатысы жоқ», - дейді қала әкімінің орынбасары.
Азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру үшін, ӘКК өңірлік азық-түлік тауарлары қорын басқару жөніндегі комиссияның 24.01.2020 жылғы №1 хаттамалық шешімі негізінде 11 әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағаларын тұрақтандыру үшін «Gramad Retail» ЖШС-не жалпы сомасы 900 млн. теңге, 0,1% жылдық пайызбен қарыз қаражат берілген. Түзілген келісім-шарт аясында тауарлар бағалары «Gramad Retail» ЖШС-нің 2 супермаркеттерінде, сонымен қатар қалада орналасқан 4 базарларда және қол жетімді жерде орналасқан 44 бөлшек сауда дүкендерде тұрақтандырылған.
Тұрақтандыру қорындағы азық-түлік өнімдерін атап айтар болсақ:
-ұн - 6000 тонна
-қант - 2000 тонна -күнбағыс майы - 250 мың литр
-макарондар - 1000 тонна .
Тұрақтандыру қорына жалпы көлемі 1,3 млрд.теңге құрайтын тауарларды сатып интервенция жасау туралы шешім қабылданды.