Сақтық үшін жұмысын тоқтатты

Screenshot_11.jpg

Елімізде жарияланған төтенше жағдайға байланысты шымкенттік бірқатар кәсіпкерлер сақтық үшін жұмысын тоқтатты. Айталық Еңбекші ауданында 116 нысан жұмысын уақытша тоқтатты Атап айтқанда, 28 мейрамхана, 3 сауда – ойын-сауық орталығы, 36 монша кешені, 13 бильярд, 18 интернет клубы және 18 букмекерлік кеңсе жабылды. Бұл туралы Еңбекші ауданының әкімі Ғалымжан Ілиясов ақпараттық-коммуникация орталығында өткен брифингте мәлімдеді.

— Аудан аумағындағы "Евразия", "Бенефис", "Әсел", "Алтын орда" базарларының жұмысы тоқтатылды. Ал "Исатай", "Көктем" базарлары мен "Айна" базарының азық-түлік сататын бөлігі 10:00-ден 18:00-ге дейін шектеулі режимде жұмыс істеуде. Ал "Айна" базарындағы "Көктем" автобекеті жұмысын биылғы 25 наурыздан бастап тоқтатты, - деді аудан әкімі.

Ғ.Ілиясовтың айтуынша, «Фосфоршылар» сарайы мен «Әсел» базарының алдында апта сайын өтетін азық-түлік жәрмеңкелері де жұмысын тоқтатқан. Сонымен бірге, аудандағы телефон сататын 7 дүкен уақытша жабылған.  Осы орайда Шымкент қаласының төтенше жағдай жөніндегі штаб өкілдері қала тұрғындарына сақтық шаралын сақтап, көшеге себепсіз шықпауға, шыққан жағдайда бетперде киіп жүруге және қолды жиі жууға кеңес берді. 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Проект новой Конституции формирует основу эволюции государства и общества – Бакыт Нурмуханов
  • «Существенно усилены конституционные принципы правосудия»
  • Суверенитет и территориальная целостность отнесены к неизменным ценностям
  • Конституционная реформа Главы государства – новый этап развития государственного устройства
  • Мемлекет басшысының конституциялық реформасы – мемлекет құрылысын дамытудың жаңа кезеңі
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер