Аз қамтылған оқушыларға компьютер алу үшін 2 250 миллион теңге бөлінді

Screenshot_3.jpg

Бүгінде Шымкент қаласында жалпы 172 мектеп бар болса, олардың 147-сі мемлекеттік, ал қалған жиырма бесі жекеменшік мектеп ретінде саналады. 222 мың оқушы 6 сәуірде басталған IV тоқсанда республикалық және жергілікті арналар мен интернет платформаларының көмегімен білім алуды. Дегенмен, бұл үшінші мегаполисте оқушылардың барлығына да онлайн білім алу тиімді әрі қолжетімді деген сөз емес. 

Өздеріңізге белгілі, бес саусақ бірдей емес, сол оқушылардың арасында аз қамтылған отбасылардан шыққандар да бар. Олардың саны – 30 364, ал кері байланыс жасау үшін компьютерге мұқтаж он жеті мыңнан аса балалар бар. Қалалық білім басқармасының басшысы Жанат Тәжиева мектептердегі 10 192 компьютерді уақытша оқушыларға беруді жөн көріп, шешім қабылдаған. Ал қалған оқушыларға қатысты мәселелер толық шешімін табатынын айтты. Сондай-ақ, ақпараттық құралдың сұранысы шешімін табу үшін  мемлекеттік бюджеттен 9 мың копмьютер алу үшін 2 250 миллион теңге бөлінген.

 «Қолжетімді платформаларда онлайн сабақтар өткізу 214 613 (96,7%) оқушыны құрайды. Электронды журнал Kundelik және WhatsApp мессенджері арқылы кері байланыс орнатылады. «Балапан» және «Еларна» телеарналар арқылы 7 424 (3,3%) оқушы қамтылады. Бұдан бөлек жергілікті арналар онлайн дәрістерді қайталап береді. Сонымен қатар, жергілікті телеарналары арқылы бейне сабақтарды қайталап көрсету жұмыстары ұйымдастырылады», - деді Жанат Арысбекқызы.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Ж.Тәшенов университетінде жаңа жатақхананың ашылу салтанаты өтті
  • Шымкентте үздік ұлттық киім үлгілері анықталды
  • Аким Шымкента наградил слесаря, спасшего семью от гибели
  • Слесарьдың шұғыл әрекеті отбасын өлімнен құтқарып қалды
  • Шымкенте бұрыңғы қоқыс полигоны орнында экопарк құрылысы басталды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер