Елордалық оқушылар теміржол қауіпсіздігін арттыратын жоба ұсынды

Дінмұхамед Матай мен Әмір Жәнібектің инновациялық әзірлемелері рельс тозуын азайтып, пайдалану шығындарын үнемдеуге мүмкіндік береді.

Screenshot_3.jpg

Елордалық оқушылар Дінмұхамед Матай мен Әмір Жәнібек теміржол инфрақұрылымының қауіпсіздігі мен тиімділігін арттыруға бағытталған «Теміржол рельстерін қосудың инновациялық технологиялары» жобасын ұсынды. Бұл туралы «ҚТЖ» компаниясында хабарлады.

11-сынып оқушылары рельстерді қосудың технологиясы бойынша төрт инновациялық ұсыныс жасады. Барлық шешімдер Қазақстан Республикасында патенттер алды және Женевадағы халықаралық тіркеуге берілді. Жоба Нью-Йорктегі халықаралық олимпиадада да ұсынылды.

Әзірлемелер шу деңгейін, рельстің тозуын және апаттылықты азайтуға бағытталған, сонымен қатар пайдалану шығындарын айтарлықтай үнемдеуге мүмкіндік береді.

Компания басшылығы инженерлік тәсілге оң баға беріп, жобаны дамытуға жәрдемдесуге дайын екендіктерін білдірді.

Қол жеткізілген уағдаластықтар шеңберінде ҚТЖ жобаны жетілдіру үшін қажетті материалдарды ұсынады, сондай-ақ Бурабай курортындағы рельс дәнекерлеу кәсіпорнына танысу сапарын ұйымдастырады. Кездесу аясында оқушылар ҚТЖ орталық мұражайына барды.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа Жарлыққа қол қойды
  • Общественные настроения: между привычкой и принятием нового
  • Семья в меняющемся мире: новые роли и старые ожидания
  • Қазақстан экономикасының өсуі: Cаннан – сапаға қарай
  • Қазақстан мен әлемнің жетекші университеттері стратегиялық серіктестікті нығайтуда
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер