Онлайн режимінде оқу семинарлары ұйымдастырылуда

Screenshot_4.jpg

Еліміздегі барша студенттер 16 сәуірден бастап қашықтықтан оқу форматына көшкен. Олар «College SmartNation», «Platonus», «Portal», «Универ», «Модул» сынды қашықтықтан оқыту платформалары арқылы білім алуда. Ал кері байланыс WhatsApp месенджері арқылы жүзеге асады. Жоғарғы оқу орындарында қашықтықтан оқыту платформаларымен жұмыс жүргізу тәжірибесі 4-5 жылды қамтиды. Сондай-ақ, кәмелет жастан асқан өз-өзіне жауап беріп, оқыту-техникалық құралдарын толығымен түсінетіндіктен, аса бір өзекті мәселе жоқ.Ақпараттық-коммуникациялық орталықта өткен баспасөз брифингінде Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Алмасбек Мамытбеков пен қалалық білім басқармасының басшысы Жанат Тәжиева төтенше жағдайға байланысты онлайн білім беру жүйесінде атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде жан-жақты баяндады. 

Қазіргі таңда барлығы өз денсаулығының қауіпсіздігін сақтау мақсатында үйде отыр. Әрине, қарапайым күндері де әлеуметтік желіден көз ашпайтын көпшілік енді бұрыңғыдан екі есе интернет қолданатын болып отыр. Себебі, жұмыс та, оқу да, кәсіп те тағы басқасы да онлайн форматта. Осы себепті, кәсіптік білім мен жоғарғы оқу орындарында тек интернет мәселесі орын алып тұр.

«Бұл бағытта өзекті мәселелерді шешу жолдары да қарастырылуда. 12 ж/м колледжде басшылық, мұғалім тәжірибесі, интернет жылдамдығының төмендігінен кері байланыс, теориялық, практикалық, үй тапсырмасы, сабақ кестесі, пәндер толымдылығы бойынша мәселелер жоқ емес. Алайда оның шешу жолдары бойынша «Қазақтелеком» АҚ-ға тапсырма беріліп, платформа авторларымен онлайн режимінде оқу семинарлары ұйымдастырылуда», - деді Ж. Тәжиева.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкентте «Кітап оқитын ұлт» жобасы таныстырылды
  • В Шымкенте презентовали проект «Читающая нация»
  • Шымкентте ерікті жастарға арналған эко-экскурсия өтті
  • Развитие города Шымкента будет осуществляться в рамках концепции Smart City
  • Шымкент қаласының дамуы Smart city тұжырымдамасы шеңберінде жүзеге асырыладыШымкент қаласының дамуы
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер