Несібелі Құрманхожаева: «Арзан әңгімелерге еруден сақ болуға шақырамын»

Screenshot_11.jpg

«Бозінген» шаруа қожалығының басшысы Несібелі Құрманхожаева елбасының үндеуіне пікір білдіріп, байбалам мен қаңқу сөзге ермей пайдалық іспен шұғылдануға шақырды.

Мен 1989 жылы Қызыорда облысынан Шымкентке көшіп келіп, осы жерге қоныстанып, түйе шаруашылығымен айналысып, кәсіппен шұғылданып келе жатқан көп еңбек адамының бірімін. Яғни, еліміз тәуелсіздік алған алғашқы жылдар, Нұрсұлтан Назарбаевтың ел тізгінін қолға алып, өзінің саясатын жүргізе бастаған уақыт, бәрі де біздің көз алдымызда өтіп жатыр.

Елбасының «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған «Бірлесе білген ел бәрін жеңеді» деген мақаласын оқып, өткен күндерге ойша саяхаттап қайттым. Осы жылдар аралығында түрлі салада жүйелі реформалар жүргізілді. Болашақ үшін, алда күтіп тұрған осындай алмағайып замандар сынағын еркін еңсеру үшін көп қаржы-қаражат салып, зор жауапкершілікпен атқарылған бұл реформалардың дұрыс болғанын өмірдің өзі дәлелдеді.

Тұңғыш Президентіміз тұтқиылдан келген жаман індет – коронавирус дертіне бірлесе дауа іздеп, бүгінгі заманның бар күш-қуатын, ақыл-ойы мен ғылым-білімінің жетістігін ортақ мақсат жолына бірлесе жұмылдырып, ынтымақтаса әрекет етуге шақырып отыр. Әдетте жұрт көңілі алаң осындай кезде ел ішіне үрей таратып, байбалам салушылар өз мүддесіне пайдалануға тырысады.

«Мен халықты әртүрлі сондай азғырынды, арзан әңгімелерге еруден сақ болуға шақырамын. Шынымен көптің қамын көздейтін адам айғайшыл күшімен емес, игілікті ісімен қызмет еткені дұрыс», - дейді. Ендеше, ғайбат пен байбалам орнына ғылым-біліммен шұғылданған абзал, ағайын

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Голубое топливо пришло в новые районы Шымкента
  • Шымкент: Жұлдыз, Жалын тұрғын алаптары газдандырылды
  • Президент «Педагог мәртебесі туралы» заңға өзгерістер енгізуді ұсынды
  • Қасым-Жомарт Тоқаев білім беру үдерісіне жасанды интеллектіні жедел енгізуді тапсырды
  • Мемлекет басшысы: «Өскелең ұрпақты әлеуметтік кеселдерден сақтау маңызды»
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер