Сын сәтте еріктілер еңбек етуде

Screenshot_18.jpg

Үшінші мегаполистің белсенді еріктілерінің бірі "ASAA" жастар ұйымының мүшесі Амиржан Скаков Елбасының үндеуін оқып, өзінің жеке пікірін білдіріп, сын сағатта сабырға шақырды. 

Қазақ даласы қай заманда да болмасын елім деп еңіреген, туған жерім деп қабырғасы қайысқан азаматтарына құлақ асқан.

Ұлт саулығы сынға түскен қазіргі сәтте Елбасы үндеу жариялап, халықты сабырға,байсалдылыққа шақырып, ақ тілеулі сөзін арнап отыр.

"Бірлесе білген ел бәрін жеңеді" атты мақаласында Елбасы әр адам өзінің, отбасының, ата-анасы мен бала-шағасының өміріне, денсаулығына зор жанашырлықпен, ерекше жауапкершілікпен қарауы керек. Өйткені ұлт денсаулығы – мемлекет қауіпсіздігінің құрамдас бөлігі деп, баса атап өткен.

Бұл үндеуде жастарды өз-өзін үнемі жетілдіріп отыруға шақырды. Елбасы жас өренге жамандықтан, жат әдеттен сақтанып, игі істер жасауға ұмтылып, үлкенге – ізетті, кішіге – қамқор, бір-біріңе дос болуға шақырды.«Біріңді, қазақ, бірің дос, көрмесең – істің бәрі бос» деген Абай атамыздың өсиетін ешқашан естен шығармауға үндеді.

Елбасы айтқандай, біз біргеміз. Қиындыққа қайыспай, белімізді бекем буып, береке-бірлігімізден айрылмайық. Сонда ғана ¬біз қастерлі тәуелсіздігімізді сақтап, Қазақстанды Мәңгілік ел болуға лайықты ете аламыз!

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Ж.Тәшенов университетінде жаңа жатақхананың ашылу салтанаты өтті
  • Шымкентте үздік ұлттық киім үлгілері анықталды
  • Аким Шымкента наградил слесаря, спасшего семью от гибели
  • Слесарьдың шұғыл әрекеті отбасын өлімнен құтқарып қалды
  • Шымкенте бұрыңғы қоқыс полигоны орнында экопарк құрылысы басталды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер