Бірлікті насихаттады

Screenshot_19.jpg

Бойкүйездіктен арылып, шыңдала түсуіміз керек. Бұл туралы Шымкент қалалық саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған музей директоры Батырғазы Серғазиев айтты.

"Қазақ бірліктің күнделікті тіршіліктегі орны мен маңызын "Бірлік болмай тірлік болмас", "Алтау ала болса, ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса, төбедегі келеді" деп бір ауыз сөзге сыйдырған халық. Иә, ауызбірлік пен түсіністік үстемдік құрған жерлерге қашанда нәтижелі істердің үйір болатыны белгілі.

Әлем халқы бүгінде қиын-қыстау күндерді бастан кешуде. Елімізде төтенше жағдай енгізіп, темірдей тәртіпке көштік. Қазақстан қауіпті дерттің алдын алуға әлем елдерінің ең алғашқыларының бірі болып кірісті.

Елбасы елдегі жағдайға алаңдап, бұқара жұртты бірлікке үндеуде. Елбасы мақаласымен танысып, қоғамға үлкен ой салғанын аңғардым.

Н.Назарбаев "Мен сөзімді алдымен аға ұрпақ пен зиялы қауым өкілдеріне арнаймын: халықты ынтымаққа шақырып, жақсылыққа, ізгі амалдар жасауға, саламатты өмір салтын ұстануға үндеңіздер. «Ырыс алды – ынтымақ» екенін ұмытпаңыздар. Жастарды еңбекке, білім алуға, қатарының алды болуға тәрбиелеңіздер. Ұрпақ алдындағы жауапкершілік бізді осыған міндеттейді" дейді мақаласында.

Расында, сөзге тоқтай білген халық үшін зиялы қауымның өткір де өтімді сөзі керек-ақ мына уақытта. Сондай-ақ, жастар мен кәсіпкерлерді де елге қызмет етуге шақырды. Қазіргі таңда "Нұр Отан" партиясының "Біз біргеміз!» үндеуі арқылы іскер азаматтар, кәсіпорындар мен мекемелер, түрлі жеке ұйымдар қосылып, арнайы қорға қаржы аудару арқылы халыққа жәрдем беріп жатқанынын естіп-көріп жүрміз.

Елбасы осынау кезеңде елдің экономикалық, әлеуметтік жағдайын саралап, азық-түлік қоры жеткілікті екенін айтып, абыржығу негіз жоқ екенін де атап өтті. Қаламызда билік тарапынан халықтың әл-ауқатын көтеруде қаншама жұмыстардың жүріп жатқанын көріп жатырмыз.

Тұңғыш Президенттің ел болашағына алаңдап, халқымен бірге болғаны қуантады. Ендігісі, Елбасы айтқандай бойкүйездіктен, сарыуайымнан, енжарлықтан арылып, тығырықтан шығудың жолын іздеген бүкіл әлем халқымен бірге ширыға, шыңдала түсуіміз керек"- деді ол.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Ж.Тәшенов университетінде жаңа жатақхананың ашылу салтанаты өтті
  • Шымкентте үздік ұлттық киім үлгілері анықталды
  • Аким Шымкента наградил слесаря, спасшего семью от гибели
  • Слесарьдың шұғыл әрекеті отбасын өлімнен құтқарып қалды
  • Шымкенте бұрыңғы қоқыс полигоны орнында экопарк құрылысы басталды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер