Үйде отырып, халыққа қызмет көрсетуде

Screenshot_2.jpg

Елімізде орын алған төтенше жағдайға байланысты бірнеше мекемелер қашықтан жұмыс істеу режиміне көшті. Солардың қатарында Шымкент қаласындағы ХҚКО мекемелері де бар.

Абай аудандық ХҚО маманы Шыңғыс Смайыл да үйде отырып, халыққа онлайн режимінде қызмет көрсетуде.  Осылайша, 1414 байланыс орталығына келетін қоңырауларға таңнан қара кешке дейін үйінде отырып-ақ жауап беріп, арасында балалардың сабағына да көңіл бөліп үлгереді екен. 

«Күніне кемінде 200-ден аса қоңырау келіп түседі. Қазіргі елімізде орын алып жатқан жағдайға байланысты 1414 бірыңғай байланыс орталығына хабарласып, кеңес сұрап жүгінетін қызмет алушылар көбейді. Мемлекеттік қызмет түрлері бойынша қолымыздан келгенше жедел түрде ақпарат беріп, сұраныстарын қанағаттандыруға тырысамыз. Себебі күніне кемі 200-дей қоңырау түсетін болса, оның артында өздерін мазалаған сұрақтары бойынша хабарласып отырған халық отыр. Уақыт – алтыннан да қымбат»,- дейді Шыңғыс.

Айта өтетін ақпарат, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы құрған Call-орталықтарда 1414 бірыңғай байланыс орталығының жұмысын күшейту үшін 2366 қызметкер тартылған. Оның 142-сі Шымкенттегі ХҚКО мамандары. 95-і үйде отырып-ақ ұялы телефон арқылы кеңес берсе, 47 маман бейнеқоңырау арқылы көрсетілетін қызметті алушыларды бейнеидентификациялау үшін жұмылдырылып отыр.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Ж.Тәшенов университетінде жаңа жатақхананың ашылу салтанаты өтті
  • Шымкентте үздік ұлттық киім үлгілері анықталды
  • Аким Шымкента наградил слесаря, спасшего семью от гибели
  • Слесарьдың шұғыл әрекеті отбасын өлімнен құтқарып қалды
  • Шымкенте бұрыңғы қоқыс полигоны орнында экопарк құрылысы басталды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер