Шымкент қаласы бойынша Кірістер департаментінің Мемлекеттік қызмет көрсетулер басқармасының бас маманы Гүлжан Шырақбаева Ақпараттық-коммуникациялық орталықта өткен брифингте елімізде қалыптасқан жағдайға байланысты Шымкент қаласындағы базарлар мен дүкендер және сауда орындары төлемдерді пост терминалдар арқылы қабылдауды бастағанын жеткізді. Мамандар банктік картасы жоқ азаматтар банктерге қоңырау шалу арқылы немесе онлайн тапсырыс бере алатындығын айтады. Дайын картаны банктер үйлеріңізге жеткізіп береді. Сондықтан банкоматтағы ақшаларыңызды шешіп алудың аса қажеттілігі жоқ. Өйткені ұялы телефон арқылы да сауда орындары мен асханаларға төлем жасай аласыз. Оған қоса кәсіпкерлер екінші деңгейлі банктерден пост терминал ашу үшін еш қиындық жоқ, дейді мамандар. Төлем картасын қабылдайтын құрылғы орнатпаған нысандарға әкімшілік шара қолданылатыны айтылды.
Бұл өз кезегінде коронавирустың таралуына тосқауыл болмақ. Себебі зерттеушілердің айтуы бойынша қауіпті вирус ақшада 7-8 сағатқа дейін тұрады екен. Ал ақша күнделікті қаншама адамның қолынан өтеді. Оған қоса бұл жүйе көлеңкелі бизнеситің жолын кеседі дейді мамандар.
"Көрсетілген қызмет түрлерін жүзеге асыратын жерлерде төлем карточкаларын пайдалану арқылы төлемдерді қабылдауға арналған қондырғы орнату мен қолдануды қамтамасыз ету, сондай-ақ төлем карточкаларын пайдалана отырып қабылдау өзі өндірген ауыл шаруашылығы өнімдерінің, өзі өндірген балық өнімдерінің көтерме және бөлшек саудасы саласында кызметін жүзеге асыратын дара кәсіпкерлерге немесе заңды тұлғаларға; стационарлық емес сауда объектілері арқылы жүзеге асырылатын қызметке қолданылмайды. Бұған қоса жаңа жылдан бастап базарларда сауда жасап келген кәсіпкерлер де осы жүйеге көшкен. Өйткені олар патенттік жүйеден алынып тасталған. Сондықтан пост терминал арқылы төлем жүргізулері керек", - деді ол.