Құжат рәсімдеу жеңілдеді

Screenshot_6.jpg

«Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы аясында қазіргі таңда құжат рәсімдеу оңтайландырыла түсті. Бұрынғыдай бума-бума қағаз арқалап, әр есікті қағып, әр терезенің алдында кезекке тұру жағдайы жойылуда.  Құжат рәсімдеудің электронды форматқа көшуі әсіресе қазіргідей төтенше жағдай кезеңде азаматтарға өте қолайлы болуда. 

Енді мемлекеттік қызметтің 14 түрі бойынша азаматтар өтінішті «электрондық үкімет» порталының «Электрондық өтініштер» сервисі арқылы рәсімдеуге болады. Бұл туралы ақпараттық-коммуникациялық орталықта өткен брифингте ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрілігі, Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаменті басшысының әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары Ержан Ергеш мәлім етті.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ел аумағында төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты төтенше жағдайдың кезеңінде әлеуметтік шиеленіс пен наразылық жағдайларын болдырмау және де адам арасындағы физикалық байланыстың алдын алу мақсатында бүгінгі таңда қағаз жүзінде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің көрсету тәртібін жасап департаментке жолдады. Осыған орай, ұсынылған тәртіп бойынша департамент мемлекеттік қызметтің 14 түрін көрсететін болады. Барлық жаңа тағайындаулар бойынша, азаматтар өтінішті қосымшада ұсынылған тәртіпке сәйкес «электрондық үкімет» порталының «Электрондық өтініштер» сервисі арқылы беретін болады, – деді Ержан Ермаханұлы.

Тұрғындар сауалдар әлеуметтік төлемдер бойынша сауалдарын 32-46-95, 47-84-43, 32-63-24 телефондарына, мүгедектіктікті белгілеу бойынша 32-14-32, 32-48-66 хабаралсып біле алады. Мекенжай: Шымкент қаласы, Диваева көшесі 148.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Ж.Тәшенов университетінде жаңа жатақхананың ашылу салтанаты өтті
  • Шымкентте үздік ұлттық киім үлгілері анықталды
  • Аким Шымкента наградил слесаря, спасшего семью от гибели
  • Слесарьдың шұғыл әрекеті отбасын өлімнен құтқарып қалды
  • Шымкенте бұрыңғы қоқыс полигоны орнында экопарк құрылысы басталды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер