Инвесторлар қаласына айналып келеді

Screenshot_8.jpg

Шымкент инвестициялық жобалар талқылайтын қалаға айналып келеді.  Былтырғы жылдың қорытындысы бойынша шуақты шаһарға 194,5 миллиард теңге инвестиция тартылыпты. Нәтижесінде, қала аумағында шетелдік инвесторлардың қатысуымен 2,5 млрд АҚШ долларын құрайтын 15 инвестициялық жоба жүзеге асырылды.

Бұл бірінші кезекте өңірдегі бұрыннан келе жатқан алпауыт кәсіпорындарды ұйқысынан оятып, әділ бәсекеге ынталандырды. Озған елдердің озық технологиясын енгізіп, экономиканы еселей түсуге жігерлендірді.

Инвестиция бірінші кезекте бизнеске қолайлы ортаны таңдайды. Кәсіпкерлікке ыңғайлы орта іздегендер әуелі бейбітшілік пен келісім ұялаған елдердің есігін қағатыны тағы бар. Себебі қоғамы тұрақты елдің экономикасында өсім көп болмақ.

Былтыр «Kazakh Invest» қолдауымен елімізге жалпы көлемі 55 миллиард долларға жуық 228 инвестициялық жоба тартылған. Шетелдік алпауыттар агроөнеркәсіп, машинажасау, тау-кен металлургиясы, мұнай-газ химия­сы, көлік-логистика, жаңғырмалы энергетика және құрылыс индустрия­сы сала­ларына қаржы құя бастаған. Топ-инвестор елдердің қатарында елі­мізге Еуропалық одақ мемлекеттері, АҚШ, Ресей, Түркия, Сингапур мен Қытай көптеп инвестиция салуда.

Ал шетелдіктер қызығушылық та­нытқан салалардың ішінде соңғы кездері агроөнеркәсіп, мұнай-газ химиясы, құ­рылыс индустриясы үшінші мегаполисте жанданып келеді.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Антикор Шымкентті жылумен қамтамасыз ететін кәсіпорынға талдау жүргізіп жатыр
  • Жеңіс күніне орай шымкенттік ардагерлерге қаржылай көмек көрсетіледі
  • Шымкентте салмағы 7 келі алып сәби дүниеге келді
  • Шымкенттегі су желілерінің 50 пайызы тозған
  • Шымкентте жаңа Фосфоршылар мәдениет сарайының құрылысы басталды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер